Жиі қойылатын сұрақтар

 

 

1. Үміткердің жұмыс өтіліне қойылатын талаптар сәйкес келуі. Еңбек өтілі 4,5 немесе 4,7 жыл болған жағдайда Іріктеуге қатысу мүмкіндігі , мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі міндетті түрде болуы қажет пе?

Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру Қағидаларының 3-тармағында Резервке отыз бес жастан аспаған, жоғарғы білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы алынуы мүмкін деп нақтыланған.

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған мемлекеттік қызметшілер резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.

Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт.

Бұл кезде, кадр Резервіне енгізілу кезінде үміткердің жұмыс өтілі 5 және одан көп (кем дегенде!) жылды құрау қажет. Мемлекеттік қызметте еңбек өтілі талап етілмейді.

 

2. Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу процесіне қатысушылар «Магистратура және докторантурада оқу кезеңі жалпы еңбек өтіліне есептеледі ме?»

Еңбек кодексінің 87 бабының 5 тармағына сәйкес әлеуметтік демалыстардың бірі – оқу демаласы. Әлеуметтік демалыста болу кезеңі еңбек өтіліне есептеледі.

Осы ретте, үміткердің жұмыс өтіліне оқу кезеңі оның әлеуметтік демалыста болған жағдайында ғана есепке алынады.

 

3. «Мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік тізім еңбек өтілін растайтын құжат болып саналады ма?»

Еңбек кодексінің 35 тармағына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар, келесі құжаттардың кез келгені:

1) еңбек кітапшасы;

2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;

4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;

5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);

6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;

7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

8) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

Көріп отырғандай, қызметтік тізім үміткердің еңбек өтілін растайтын құжат болып табылады.

 

4. Президенттік жастар кадр резервіне алынуға үміткерлер арасында келесі сауалдар туындауда: «Жобаларды таныстыру дегеніміз қалай?» Шарты қандай?», «Тестілеу не туралы?»

Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру Қағидаларының 6 тармағына сәйкес іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды: кандидаттардың теориялық білімін тестілеу; кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, сыни ойлауын, стратегиялық көзқарасын, мотивациясы мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, интервьюден өту жəне мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын бағалаудың басқа құралдары);

Жобаларды таныстыру таңдалған лауазымдар тобына байланысты тиісті саланы, немесе қызмет бағыттарын дамытуға кандидаттардың ұстанымын бағалауға бағытталған. Кезең онлайн-платформада ұзақтығы 5 минуттан аспайтын жобаларды бейнепрезентациялау форматында өтеді. Кандидатқа жобаны дайындау, таныстыру және оны онлайн-платформаға жүктеу үшін уақыт беріледі.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА