Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру

Міндеттер:    1) Білім беру ұйымдарында «баға сатуды» қабылдамайтын орта қалыптастыру

2) Оқушылар мен студенттер арасында білім культын көтеру

3) ЖОО-ның, колледждердің және мектептердің академиялық адалдықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру бойынша ретингін ендіру

  1. Негізгі проблемаларды талдау. Жалпы Қазақстанда білімнің даму деңгейі жоғары. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту нәтижесінде 3-6 жастағы балаларды қамту 85,8%-ға дейін өсті. Орта білімде жоғары қамту деңгейі байқалды (98,1%). Бастауыш мектептердегі білім сапасы бойынша Қазақстан TIMSS рейтингіндегі 15 үздік елге кіреді.

Сонымен бірге, Қазақстанның PISA рейтингісі бойынша орташа балы ЭЫДҰ елдерінің осындай көрсеткішінен 10%-ға төмен, бұл орта білімнің сапасын көтеру қажеттігін көрсетеді.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан орта білім сапасы бойынша 138 елдің ішінде 68-орын алады, жоғары білім сапасы бойынша 63-орын, персонал даярлау мен дамыту деңгейі бойынша 70-орын және мектеп менеджменті сапасы бойынша 100-орын алады.

QS WUR әлемдік рейтингтерінде барлығы сегіз қазақстандық ЖОО аталған, олардың екі ЖОО-сы топ-300 бен топ-400-ге кірген.

Білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі академиялық адалдық.

Елдің білім ұйымдарында білім берудің барлық деңгейінде әлі де «баға сату» деген бар, еңбегі сіңірілмеген жоғары баға қою ментальдық деңгейде үйреншікті жағдайға айналып кетті. Нәтижесінде бос жұмыс орынарының елеулі санының болуы кезінде елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9% (stat.gov-тың 2017 жылғы 4-тоқсандағы дерегі бойынша). Бұл ретте жұмыссыздардың 39%-дан астамын 25-34 жастағы жастар құрайды, осы жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық (5,8%). Бұл жастардың жоғары оқу орындарында оқуын және ЖОО-дан кейінгі оқуды аяқтайтын жасы. Сонымен қатар, жұмыссыздардың жалпы санының 71%-дан астамы жоғары және кәсіптік білімі барлар.

  1. Шешу жолдары. Білім ұйымдары академиялық адалдықтың элементі болатындай оқушылар мен студенттердің академиялық мәдениетін арттыруға мүдделіліктерін ынталандыратын жағдай құру. Атап айтқанда, ЖОО-лардың, коллдеждердің және мектептердің академиялық адалдығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуін қамтамасыз етуі бойынша тәуелсіз рейтинг құру ұсынылады, ол білім ұйымдарының білім алушыларда да, сол секілді оқытушылар құрамында да академиялық этиканы көтеру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдер мен шараларды қалыптастыру мен институционалдандыруда ықпалды құрал болуға тиіс.

 

  1. 3-Бағыт бойынша негізгі іс-шараларАкадемиялық адалдық.

Іс-шаралар атауы

Іске асыру мерзімдері

Аяқталу

нысаны

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1

Студенттердің академиялық адалдықтарын сақтау ережесін және мұғалімдерге арналған жемқорлыққа қарсы міндеттерді әзірлеу

сәуір – маусым

2018 жыл

Міндеттемелер ережесі

Жоба тобы №3

2

Елдің барлық білім беру ұйымдарында студенттердің академиялық адалдықтарын сақтау ережесін және мұғалімдерге арналған жемқорлыққа қарсы міндеттемені негіздеу

2018-2019 оқу жылы

Жоба мекемесіне есеп

 

Жоба тобы №3

3

Академиялық адалдықты (benchmarking) қамтамасыз етуде оң нәтижелерге ие білім беру ұйымдарының тәжірибесін зерттеу.

2018 жылдың 2 тоқсаны

ұсыныстар

 

Жоба тобы №3

4

Білім беру мекемесінің әр түріне академиялық адалдықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерін іске асыруда benchmark бағдарын құру.

2018 жылдың 3 тоқсаны

әдістемелік ұсыныстар

 

Жоба тобы №3

5

Білім беру ұйымдарын (мектептер, колледждер, ЖОО) ұйымдастырудың әрбір санаты үшін мұғалімдердің жұмысын бағалау жүйесін әзірлеу

маусым-тамыз 2018 жыл

Мұғалімдердің қызметін бағалау Әдістемесінің жобасы

Жоба тобы №3

6

Алматы қаласындағы пилоттық оқу орындарында оқытушылардың қызметін бағалау жүйесін сынақтан өткізу (оның ішінде оқытушылардың өз жұмысында жемқорлыққа қарсы тетіктерді пайдалануын, бағалау критерийлерін бағалау әдіснамасында)

2018-2019 оқу жылы

апробация хаттамалары

Жоба тобы №3

7

Апробация нәтижелерін ескере отырып,  оқытушылардың қызметін бағалау жүйесін реттеу

маусым-тамыз 2019 жыл

Оқытушылардың қызметіне баға беру әдістемесі

Жоба тобы №3

8

Елдің барлық білім беру мекемелеріне оқытушылардың қызметін бағалау жүйесін енгізу

2019 – 2020 оқу жылы

Білім және ғылым министрліктің жоба шешімдері

Жоба тобы №3

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА