Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

Мақсат: Халықтың сыбайлас жемқорлық белгілерін қабылдамайтын бөлігін ұлғайту     

Міндеттері: 1) Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру

2) Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру

3) Оқушыларды, студенттерді және оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру

 

  1. Негізгі проблемаларды талдау. Қазіргі қоғам студенттердің кәсіптік даярлығына білім талаптар қойып отыр. Қалыптасып отырған жағдайда қызметтің алуан түрлерін сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмай атқару қажеттігі, тұлғаның өз қызметінің мақсаты мен оның әлеумет үшін салдарын түсінуі өзекті. Бұл білім беру процесінің маңызды мақсаттарының бірі болашақ мамандардың санасына кез келген кәсіптік және жеке міндеттерін шешу кезінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамау қағидатына негізделген ойды сіңіруді білдіреді. Тиісінше, сыбайлас жетқорлыққа қарсы мәдениет жағдайында адам қызметінің ерекшелігін ескеретін мәдениеттің ерекше түрін қалыптастыру қажеттігі туындайды. «Жас кәсіпқойлар қоғамы» Республикалық ҚБ Еуропа Одағы қаржыландыратын «Жоғары білім сапасына қатысты шешімдер қабылдау процесіне қатысатын Қазақстан жастарының әлеуетін көтеру» жобасы аясында қазақстандық студенттер арасында жоғары оқу орынларындағы сыбайлас жемқорлық бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 55% жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар екендігін растады, бұл ретте студенттердің айтуынша, емтихан немесе сынақ үшін пара алу кең тараған. Сондай-ақ, кітап немесе оқу материалдарын сатып алу, қызмет көрсетуді талап ету секілді бопсалаушылық түрлері де бар. Жатақханаларда орын бөлудеде ашықтық жоқтығы орын алған. «Егер студенттер сыбайлас жемқорлық туралы хабардар етсе, әкімшілік қандай шаралар қолданады?» деген сұраққа көптеген респонденттер бұл жайында біреудің шағымданғаны туралы білмейтіндерін (46,7%) айтса, бірқатары жауап беруге қиналған (23%), ал 9% әкімшіліктің мұндай хабарды елемейтінін атап көрсетті, 9% бұл жайында талқыланғанымен, кейіннен аяқсыз қалатынын хабарлады, тек 12% ғана басшылықтың пара беруге мәжбүрлеген оқушыларды қызметтен босатынын айтты.

Сондай-ақ, көп ретте сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық азамататардың құқықтық сауаттылықтарының аздығынан болып отыр. Азаматтардың өз құқықтарын білмеулері ниеті жаман адамдардың осыны өздерінің алаяқтық мақсаттарына пайдаланып, осыдан баюға мүмкіндік береді.

  1. Шешу жолдары. Жоба субъектілерімен олардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттарын көтеру бойынша жүйелі және ауқымды жұмыс жүргізу, жалпы көпшілікте сыбайлас жемқорлықты айыптайтын сана қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дәріптеу. Жоба субъеутілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетекшілеріне, өзгерістердің «агенттеріне» айналдыру.

 

  1. 1-бағыт бойынша негізгі іс-шаралар. «Сыбалас жемқорлыққа қарсы мәдениет».

 

Іс-шаралар атауы

Іске асыру мерзімдері

Аяқталу

нысаны

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1.

 

Білім беру саласындағы әрбір мақсатты тұлғалар үшін (білім алушылар, тәрбиешілер, оқытушылар, оқу орындарының басшылары, ата-аналар) жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламаларды әзірлеу

сәуір – мамыр 2018 жыл

әдістемелік нұсқаулар жобасы, оқу бағдарламалары

№1 Жоба тобы

2.

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі әрбір мақсатты тұлғаларға арналған хэндбук құралын әзірлеу

маусым–шілде

2018 жыл

хэндбук

№1 Жоба тобы

3.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру пәндерін оқу бағдарламаларына қосу

(мектепке дейінгі, орта, орта жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына, оқытушылардың білімін жетілдіру, ата-аналармен жұмыс жоспарларына пәндерді енгізу)

маусым-тамыз

2018 жыл

оқу бағдарламалары

№1 Жоба тобы

4.

Алматы қаласының пилоттық оқу орындарында сарапшылар мен психологтардан тұрақты кері байланыс ұйымдастыру арқылы жемқорлыққа қарсы білім берудің жаңа бағдарламаларын сынақтан өткізу

2018 – 2019 оқу жылы

Сынақтан өткізу жөніндегі хаттама

№1 Жоба тобы

5.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша әдістемелік ұсыныстарды және бағдарламаларды олардың апробациялау нәтижелерін ескере отырып түзету

маусым-тамыз

2019 жыл

әдістемелік нұсқаулар

№1 Жоба тобы

6.

Елдің барлық білім беру мекемелерінде жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру

2019 – 2020 оқу жылы

БҒМ шешімінің жобасы

№1 Жоба тобы

7.

Білім беру ұйымдарының (мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының) әрбір категориядағы  мұғалімдердің жұмысын бағалау жүйесін әзірлеу

маусым-тамыз

2018 жыл

Мұғалімдердің қызметін бағалау әдістемесі жобасы

№1 Жоба тобы

8.

Алматы қаласындағы пилоттық білім беру ұйымдарында мұғалімдердің қызметін бағалау жүйесін сынақтан өткізу (оның ішінде мұғалімдердің өз жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді пайдалануын бағалау критерийлерін бағалау әдіснамасында)

 

2018-2019

оқу жылы

Сынақтан өткізу жөніндегі хаттама

№1 Жоба тобы

9.

Мұғалімдердің қызметін бағалау жүйесін оның сынақтан өткізу нәтижелерін ескере отырып түзету

маусым-тамыз

2019 жыл

Мұғалімдердің қызметін бағалау әдістемесі

№1 Жоба тобы

10.

Елдің барлық білім беру мекемелерінде мұғалімдердің қызметін бағалау жүйесін енгізу

2019 – 2020 оқу жылы

БҒМ шешімінің жобасы

 

№1 Жоба тобы

11.

Сыбайлас жемқорлық тақырыбында фильмдер, мультфильмдер, әлеуметтік бейнелерді, Vainas, YouTube арналарын және т.б. жасау және тарату. ANTICORRUPTION TALKS (Антикорруппция туралы әңгімелер) ӨТКІЗУ (ҮЕҰ-ның көрнекті қоғамдық қайраткерлерінің, Азаматтық альянс, блоггерлер, қоғамдық пікірдің көшбасшылары қатысуымен университеттер  базасында дискуссиялық алаңдарынды ашу)

Тұрақты

Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде

 

медиа өнімдері

№1 Жоба тобы

12.

Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдаудағы адамдардың санын арттыруға бағытталған іс-шаралар, форумдар, флеш-мобтар, Challenge және басқа да іс-шаралар өткізу

Тұрақты

Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде

 

шара

№1 Жоба тобы

13.

(Алматы қаласы бойынша) Ата-аналармен Қамқоршылық Кеңесінің рөлі  туралы түсінік өткізу

сәуір- маусым 2018 жыл

жиналыс

№1 Жоба тобы

14.

Алматы қаласының барлық білім ұйымдарында қамқоршылық кеңес құру

2018-2019

оқу жылы

НҚА жобасы

№1 Жоба тобы

15.

Қамқоршылар Кеңесінің рөлін күшейту

2018-2019

оқу жылы

НҚА жобасы

№1 Жоба тобы

16.

Елдің барлық білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестерді құру

2019-2020

оқу жылы

НҚА жобасы

№1 Жоба тобы

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА