МҚІА Төрағасы А.Н. Жаилғанованың сұхбаты, «Егемен Қазақстан» газеті

 

Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттердің бірі – кәсіби мемлекеттік аппарат пен қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Осы Ұлт жоспарындағы міндеттердің өзектілігіне назар аударған Президент Қ.Тоқаев тиісті орындарға мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру бойынша тапсырмалар берді. Осы орайда жұртшылықты еліміздің дамуына жол ашып қана қоймай, көптеген түйткілді мәселелердің шешілуіне мүмкіндік беретін, халықтың мүддесі барынша ескеріле отырып аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен хабардар етуді жөн көріп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғановамен әңгімелескен едік.

 

 

– Анар Нұралықызы, жа­қын­да Мемлекет басшы­сының Жарлығымен Мем­ле­кетт­ік қызмет істері және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екіге бөлінді. Нәти­же­сінде Мемлекеттік қызмет істе­рі агенттігі жеке орган ретін­де қыз­мет ете бастады. Бұл өзг­е­ріс мемлекеттік қызмет жүйе­сі­не қандай өзгерістер мен жаңа­лықтар әкелді?

– Бұрынғы Агенттікті екі тәуел­сіз мемлекеттік органға қайта ұйымдастыру ең алдымен олардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі халқымыздың қажеттілігіне бағдарланған кәсіби мемлекеттік аппаратты құру бойынша негізгі функцияларға баса назар аударуға мүмкіндік алды. Негізі, Тұңғыш Президент – Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Агенттікке кәсіби мемлекеттік аппарат пен қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі ауқымды міндеттердің кешенін іске асыруды жүктеген.

Олардың қатарына мемлекеттік қызметтегі меритократия қағи­дат­тарын нығайту, оның тиімді­лігін, ашықтығын, бәсекеге қабі­лет­ті­лі­гін күшейту, барлық деңгей­дегі мемлекеттік аппарат қызмет­кер­лерінің біліктілігін арттыру, азамат­тармен тұрақты кері байланыс орнату, олардың құқықтары мен мүд­делерін қорғау, әкімшілік кедер­гілерді азайту, мемлекеттік қыз­мет­шілерді қолдау шаралары кіреді.

Елбасы белгілеп берген мін­дет­тердің маңыздылығын ескере отырып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға мемлекеттік қызмет саласын одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Басым міндеттердің ішінде мем­лекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және оларға қолже­тімділікті жақсарту, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау бойынша шаралар кешенін әзір­леу және Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыс­тары бар. Қазақстанның мемле­кеттік қызмет жүйесінің дамуы саяси, экономикалық және қоғамдық қатынастардың өзгеру үдерістерімен тығыз байланысты. Сондықтан біз жаңа жағдайларда мемлекеттік қызметтің тиімді жұмыс істеуі үшін елде болып жатқан барлық өзгерістерге немқұрайлы қарамауымыз қажет.

– Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға, бағалауға, бақылауға азаматтық қоғам бел­сен­­ділерін араластыру мәселесі қол­­ға алынды ма? Нәтижелер қан­­дай?

– Агенттіктің әлеуметтік тап­сы­рысы бойынша жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар мемле­кет­тік қызмет көрсету сапасын бағалайды. 2018 жылдың нәти­жесінде халықтың қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі республика бойынша 72,4% немесе орта есеппен алғанда 5 балдық шкала бойынша 4,66-ны құрады.

Мониторинг нәтижесі бойынша мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тиісті шаралар қабыл­дайды. Мәселен, мемлекеттік қыз­мет көрсету мерзімін және қажетті құжаттарды қысқарту бойынша стандарттарға түзетулер енгізеді, қызмет көрсетудің бизнес-процестері оңтайландырылады, қосымша күту орындарын орнату, мультикасса және cash-терминал, ауаны кондиционерлеу жүйесін орнату, кезектілік қалыптаспауы үшін операторлар санын көбейту, қолжетімді жерде қызмет алу тәртібі, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жағдайлар жа­сау үшін көмекшіні шақыру батыр­масы, пандустар және еденге тактильді тақталар орнату, әлеуметтік қорғалмаған азаматтар үшін (мүгедектер, жүкті әйелдер және т.б.) арнайы бөлек үстел жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді.

Өңірлерге келетін болсақ, Агенттіктің аумақтық департа­мент­терінде мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мақсатында ведомс­твоаралық жұмыс қызмет істеуде. Олардың құра­мында қоғам белсенділері, үкімет­тік емес ұйымдар өкілдері және т.б. бар. Өткізілетін кеңестерде қыз­мет берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі жиі орын алатын кемшіліктерін анықтап, оларды жою бойынша тиісті ұсыныстар әзірлейді.

– Мемлекет басшысы Пре­зиденттік жастар кадрлық резер­він қалыптастыру бойынша тапсырма берді. Бұл бастама мем­лекеттік қызмет жүйесін жетіл­діруге қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

– Шынында да, бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында көтерген болатын, оның ішінде мемлекеттік қызметтің өзгеруі, жа­ңартылуы тиіс екенін, заманауи ойлайтын, жоғары деңгей­дегі құзыретті, қазіргі заманғы тренд­терді білетін және т.б. құзыреттері бар жаңа формациядағы басқа­ру­шыларды мемлекеттік қызметке тарту қажеттігін айтты.

Резервке үміткерлерді іріктеу бірнеше негізгі кезеңдерден тұ­ра­ды: олардың қабілеттерін тесті­­леу, эссе жазу, жобаларды та­­ныс­тыру, құзыреттілікті бағалау, са­­раптамалық комиссияда қатысу­шы­­лармен әңгімелесу және кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияда үміткерлердің кандидатураларын қарау.

Іріктеудің барлық кезеңдері резервтегілер туралы толық ақпарат жинап, олардың қабілеттерін және ең бастысы – олардың әлеуетін көруге мүмкіндік береді.

Президенттік резервтен тағай­ындау келесі басшылық лауазым­дарға көзделеді – Қазақстан Респуб­ликасының министрлері, олар­дың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; облыстардың, респуб­ликалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, аппараттарының басшылары; орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, жауапты хатшылары; облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қала­лардағы аудандардың әкімдері; Қазақстан Республикасы Конс­титуциялық Кеңесі, Қазақстан Пре­­зи­дентінің Іс бас­қар­масы, Ор­та­лық сайлау комиссия­сы, Респуб­ликалық бюджеттің ат­қа­ры­луын бақылау жөніндегі есеп коми­теті, Мемлекеттік қызмет іс­тері агенттігі аппараттарының бас­шылары, Жоғарғы сот жанын­дағы Соттардың қызметін қам­тамасыз ету департаментінің басшысы; Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы; жауапты хатшы лауазымы енгі­зілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы.

Сондай-ақ резервке қабыл­дан­ған азаматтар ұлттық басқа­рушы холдингтер, ұлттық холдинг­тер, ұлттық компаниялар басқар­ма­ларының төрағалары және мү­шелері лауазымдарына тағайын­далуы мүмкін.

Резервтегілер лауазымға тағай­­ы­н­­далғанға дейін арнайы әзірлен­ген бағдарламалар бойынша оқы­тылады. Іріктеудің нәтижесі негізінде сарапшылардың берген ұсыныстары бойынша резервшілер үшін жеке бағдарлама әзірленуі де мүмкін. Бұл оқыту бағдарламасы жоғарыда айтылған лауазымдарға қажет қосымша білім алуға, халық­пен жұмыс істеуге, оның ішінде көпшілік алдында сөз сөйлеу жә­не тез шешімдер талап етілетін жағ­дайда жұмыс істеу үшін қажет­ті қасиеттерді арттыруға бағыт­талған.

Президенттік жастар кадрлық резервіне өту – бұл міндетті түрде лауазымға тағайындалуға кепіл болмайды.

Президенттік жастар кадрлық резервін құрудағы басты мақсат жастар үшін тиімді әрі ашық әлеуметтік лифт құру екендігін атап өткім келеді. Бұл азаматтарға зор үміт артылады және олар ал­дағы реформалардың қозғаушы күші болуы қажет.

Жалпы, бүгінде резервке ірік­теуге қатысуға үміткерлер үшін Pkrezerv.kz онлайн-платформасы арқылы тіркеліп, құжаттарын тапсыру жүргізіліп жатыр. Осы жылдың 24 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 6739 адам онлайн-платформада тіркелді. Оның 1191-і

барлық қажетті құжаттарды тап­сырған. Тіркелу қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

– Мемлекеттік қызметті оңтайландыру, сапасын арттыру мақсатында шенеуніктердің санын қысқарту қарастырылып жатыр ма? 18 млн халыққа 100 мыңға жуық мемлекеттік қыз­метшінің болуы халықаралық стандарт бойынша көп емес пе?

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік ап­паратты оңтайландыруды тап­сырған. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 98 мыңға жуық. 2024 жылға қарай олар 25 пайызға қысқаруы қажет. Штат санын оңтайландыру кезең-кезеңмен бірнеше жылдың ішінде жүргізіледі. Осы тапсырманы орын­даудың нақты тектіктері қазіргі уақытта Үкіметпен пысық­талуда. Жақын арада қысқарту бо­йынша ұсыныстарды әзірлеу үшін тиісті жұмыс тобын құру жос­парлануда. Оңтайландыру кезінде үнемделген қаражат не­ғұрлым тиімді жұмыс істейтін қызметкерлерді ынталандыру үшін жұмсалмақ. Өз кезегінде бұл мемлекеттік қызметке бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

– Мемлекеттік қызмет жүйе­сінде гендерлік теңдік мәселесі қалай жолға қойылған?

– Бүгінгі күні мемлекеттік қыз­метте гендерлік теңдікті қамта­масыз ету мәселесі бойынша нақты нәтижелер бар. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мем­лекеттік қызметшілердің арасында әйелдердің үлесі 55%-ды құрайды. Бұл Италия, Бельгия және Испания сияқты ЭЫДҰ елдеріндегі осыған ұқсас көрсеткіштен жоғары. Басшы лауазымдарда жұмыс істейтін тұлғалардың арасында әйелдердің үлесі – 40%.

Берілген көрсеткішті жақсарту үшін Агенттік жүйелі жұмыс жүр­гізуде. Мәселен, қазіргі уақытта әйелдерді басшы лауазымдарға ұсыну көрсеткіші мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау индикаторларының бірі ретінде бекітілді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде конкурстық рәсімдердің ашық­тығы артуда. Бұл барлық азамат­тар үшін, соның ішінде әйелдер үшін, қызметшілердің тек еңбе­гіне байланысты лауазымын жо­ғарылату мүмкіндігіне сенімді ны­ғайтты. Осылайша, 2018 жы­лы мем­лекеттік қызметке конкурс қорытындысы бойынша та­ғайындалған әйелдердің үлесі 48%-ды құрады.

Сонымен бірге әйелдерді ше­шім­дерді қабылдау деңгейіне ілге­рілету бойынша гендерлік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету­дің басты бағыттарының бірі гендерлік білім беру мен гендер­лік оқыту болып табылады. Жыл сайын Мемлекеттік басқ­а­ру академиясымен гендер мәсе­лесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары өткізіледі. Осындай семинарлардың мақ­саты – қазіргі қоғамның ген­дерлік үрдістерін талдау және қо­ғам дамуындағы әйелдердің көш­басшылығын кеңейтуде ғылы­ми-тә­жірибелік тәсілдерді қол­дану, ген­дерлік саясат саласында мемле­кеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін арттыру.

– Мемлекеттік қызметтер тізілімін цифлық үлгіде беру – уақыт талабы әрі азаматтар үшін ыңғайлы. Аталған саланы жетілдіру үшін қандай шаралар қолданылмақ?

– Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 740 қызметтің 72%-дан астамы (538) цифрландырылған, яғни бұл олардың іске асырылуының ашық­тығын қамтамасыз етеді. Мысалы, мемлекеттік қызмет алушы «электронды үкімет» порталы арқылы қызмет алған кезде одан қосымша құжаттар сұрату мәселесі жоқ, сондай-ақ қызметті көрсету мерзімі де сақталады және азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысы жойылады. Бұл қызмет көрсету кезінде толық ашықтықты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Елбасы тапсырмасына сәйкес 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуді 90%-ға жеткізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация­сы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік кызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 141 мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшірілетін болады, 21 қызмет композитті нысанда басқа қызметтермен бірге бір өтініш негізінде көрсетілетін болады, азаматтардың өтінішінсіз көрсетілетін 17 проактивті қыз­меттер енгізілетін болады.

 

Ақпарат көзі: egemen.kz

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА