Мемлекеттік органдармен ұсынымдарды орындау мониторингі

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментімен Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысына және мемлекеттік органдармен берілген ұсыныстардың орындалуына талдау жүргізілді.

2018 жылдың 6 айы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестердің 82 отырысы өткізіліп, онда 599 мәселе қаралды.

Соның ішінде мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарын алдын алу бойынша 172 мәселе, тәртіптік комиссиялардың және әдеп жөніндегі уәкіл қызметі туралы - 64, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың нәтижесі - 42 және басқа да 89 мәселелер  және  238  тәртіптік істер қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңестермен әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру аясында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша 1352 ұсынымдар мен ұсыныстар әзірледі, онда 1320 орындалды (97,6%).

Әдеп жөніндегі кеңестердің ұсынымдары бойынша тәртіптік жауапкершілікке 184 лауазымды тұлға тартылды. Оның ішінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін – 45, Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 139 қызметші тәртіптік жазаға тартылса, 40 материал бойынша тәртіптік істер тоқтатылды.

Есепті кезең аралығында мемлекеттік қызмет туралы заңнама және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған 1898 семинар-жиналыстар, дөңгелек үстелдер, брифингтер, конференциялар  өткізілді.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері БАҚ-қа 3936 рет шыққан, оның ішінде: телеканалдарда – 863, радиода – 204 және интернет-ресурстарда 1837, сондай-ақ баспа беттерінде  2999 басылым жарық көрді.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА