Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары

2019 жылы 3 шілдеде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жоғарыда көрсетілген отырыста мемлекеттік органның «Ұйымдастырушылық дамуы» блогының «Персоналды басқару» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметін бағалау бойынша Агенттіктің жүргізілген жұмысының қорытындысы қаралды.

«Мемлекеттік органның ұйымдық дамуы» блогының "персоналды басқару" бағыты бойынша негізгі қорытындылар.

Әдістемеге сәйкес осы бағыт бойынша бағалау 2018 жылы 3 критерий бойынша жүргізілді:

- «кадрлық әлеует»;

- «еңбекті ұйымдастыру»;

- «меритократия және ұйымдастыру мәдениеті".

Бағалаумен 14 Министрліктің қызметі қамтылды,

17 әкімдіктер мен агенттіктер (аумақтық бөлімшелерді және аудандық деңгейдегі ЖАО қоспағанда).

Осы бағыт бойынша бағалау үшін кадрлар жағдайы мониторингінің деректері, мемлекеттік органдардың есептері және сауалнама нәтижелері пайдаланылады.

Агенттік мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізді

электрондық форматта МОИП арқылы 24813 адам қатысты (ОМО 17085 адам және ЖАО 7728 адам).

2018 жылы жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша келесі нәтижелер көрсетілді.

Республика бойынша орташа мән 83,90 баллды құрады

(2017 жылы-72,9; 2016 жылы-68,2; 2015 жылы-74,27).

ОМО – да орташа көрсеткіш 79,99 баллды ЖАО-да-87,81 құрайды.

Орталық мемлекеттік органдардың арасында ең жоғары баллға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (88,68) және ауыл шаруашылығы министрлігі (87,62) ие болды.

Жергілікті атқарушы органдар арасында Алматы қаласының (96,28), Шымкент қаласының (94,5) және Қостанай облысының (94,3) әкімдіктері көш бастап тұр.

Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіштің 2017 жылмен салыстырғанда 72,9 балдан 2018 жылы 83,90 балға (+11 балға) артуы байқалады.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА