Мемлекеттік қызметшілерге арналған спорт залдарының (ақысыз түрдегі) тізімі

Мемлекеттік қызметтегі әдептілікті арттыру жөніндегі 2018 жылға арналған кешенді жоспарды орындау аясында Әдеп жөніндегі кеңестермен мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын іске асыру бойынша, оның ішінде оларға тегін спорттық жаттығуларға қатысу мүмкіндігін ұсыну бөлігінде үлкен жұмыстар атқарылды.

Бүгінгі таңда 20 мыңға жуық мемлекеттік қызметші спорт кешендерінде, жүзу бассейндерінде, сондай-ақ жалпы білім беретін және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спортпен тегін негізде айналысады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер үшін спорт нысандарына жеңілдікпен бару мүмкіндігі бар. Мысалы, Алматы қаласындағы «Фитделити» және «Инвиктус» жеке фитнес-орталықтарында абонементтер 25%-дан 40%-ға дейін жеңілдікпен ұсынылады, Павлодар қаласындағы «Ертіс» және «Зеленая роща» шаңғы базаларында қызметтер 40% жеңілдікпен, ал «Шымыр» бассейні 50% жеңілдікпен ұсынылады.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер спорттық сабақтарға тек өз қалауы бойынша қатысады, мемлекеттік бюджеттің қосымша шығыны қарастырылмаған.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА