Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 қаңтары күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының орынбасары Ерлан Оспановқа қатысты тәртіптік іс қаралды.

Атап өту қажет, агенттіктің қызметтік тексеруі жүргізуіне Мәдениет және спорт министрлігінің материалдары және полиция органының Оспановқа қатысты толтырылған әкімшілік хаттамасы негіз болды.

Қызметтік тексеру қорытындысымен Оспановтың әрекеттерінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болуымен көрінген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің бұзушылықтары анықталған.

Отырыс нәтижесінде, Әдеп жөніндегі комиссиямен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының орынбасары Ерлан Оспановқа қатысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА