Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес құрамына оның өкілеттігінің қалған мерзіміне кандидаттарды іріктеу конкурсы (2019 жылдың желтоқсанына дейін)

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Кеңес құрамына оның өкілеттігінің қалған мерзіміне 3 (үш) кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

 

Кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

 

1. Кеңес мүшелігіне он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот пен заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

2. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

 

Құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялау күнінен бастап  күнтізбелік 10 күн ішінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Абай к-сі 33 «А», 14 қабат, №1403 кабинет.

Тел. 8(7172) 75-31-99

Электронды мекенжайы: n.nabiev@kyzmet.gov.kz

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА