Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат

«Жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

бойынша ақпарат

Агенттік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі шаралар әзірлеу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде, соның бірі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін кеңейту болып табылады.

Осыған байланысты Агенттік 2015-2016 жылдары аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органға (ҰЭМ) «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» ұғымына жататын 54 «жасырын» қызметтер жолдады, оның барлығы Тізілімге енгізілді.

Жалпы 2015-2017 жылдары аралығында Тізілім денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қорғаныс, азаматтарды тіркеу және басқа салалардағы 123 жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметпен толықтырылды.

Анықтама:

2015 жылы Тізілімге 41 қызмет енгізілді, Агенттікпен 15 немесе 36,6%.

2016 жылы – 24, оның ішінде Агенттікпен – 12 немесе 50%.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында – 25, оның ішінде Агенттікпен – 22 немесе 88%.

2017 жылдың екінші жартыжылдығында – 33, оның ішінде Агенттікпен – 5 немесе 15% ұсынылды.

 

________________________________

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА