«Құзыреттерді бағалау» туралы

 

Құрметті үміткерлер! 

2019 жылғы 28 қазан мен 2 қараша аралығында болатын «Құзыреттерді бағалау» кезеңі Нұр-Сұлтан қаласы Абай даңғылы 33 А мекенжайы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтеді.

Сізге тіркеуден өту үшін шақыртуда көрсетілген уақыттан кемінде 30 минут бұрын келу қажет!

1. БІРІНШІ ТОП - сағат 8.00

2. ЕКІНШІ ТОП - сағат 13.00

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен кадрлық бөлім растаған қызмет тізімін алып келуді ұмытпаңыз.

Мемлекеттік басқару академиясына келгенде, Сізге құзыреттерді бағалау үдерісінің қағидалары және тәртібімен танысу керек. Ол туралы біз алдыңғы видеонұсқауларда айтқанбыз (https://youtu.be/AjWhTOzgqmk)

Сіз арнайы бокстарға қабылдаушы-жіберуші электрондық құралдарды (оның ішінде ұялы телефондар мен басқа да электрондық жабдықтарды) өткізуіңіз қажет.

Кіреберісте Сізді жауапты тұлғалар қарсы алады, олар Сізді гардеробқа дейін алып барады, онда сыртқы киімдерді, багаж бен қол сөмкелеріңізді өткізе аласыз. Содан кейін Сізге екінші қабаттағы үміткерлерді тіркеу орнына өту қажет болады.

Бұл жерде Сізді құпиялылық туралы келісіммен таныстырады. Содан кейін әр үміткерге есімдері мен сәйкестендіру кодтары жазылған бейдждер табысталады. Бұл бейджді бағалаудың барлық кезеңі барысында тағу керек.

Жалпы жиналыс және қысқаша ақпараттық сессиядан кейін «Құзыреттерді бағалау» кезеңін өткізу үшін үміткерлерді 6 стримге (немесе топқа) бөледі.

«Құзыреттерді бағалау» кезеңі үміткерді құрылымды, кешенді және объективті бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар жиынтығынан, ойындардан, тестілер мен басқа да бағалау әдістерінен тұратынын естеріңізге саламыз.

Құзыреттерді бағалау шамамен 7 (жеті) сағат уақытты алатынын ұмытпаңыздар.

«Құзыреттерді бағалау» кезеңінде қарастырылған барлық процедуралар аяқталғаннан кейін Сіздің нәтижеңіз 2019 жылғы 20 қарашада жеке кабинетіңізде жарияланатын болады.

Сәттілік тілейміз!

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА