«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыным

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі»

Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша

әдістемелік ұсыным

I. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.

2. Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:

1) I кезең – өңірлік деңгейде өткізілетін конкурс (облыстық), оларды өңірлік конкурстық комиссиялары өткізеді;

Өңірлік конкурстық комиссия 9 адамнан және хатшыдан тұрады (бұдан әрі – Өңірлік комиссия), комиссия құрамы сәйкесінше Агенттіктің аумақтық департаменттері жанында құрылады және Агенттіктің келісімі бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың,бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және өзге де тұлғалар қатарынан қалыптасады.

Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеу сәйкесінше Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Орталық мемлекеттік органдардың қатысушыларын конкурстың бірінші кезеңінде бағалауды Агенттіктің байқау комиссиясы жүзеге асырады

(бұдан әрі – Агенттік комиссия), комиссия құрамын Агенттік бекітеді.

Агенттік комиссия 9 адамнан және хатшыдан тұрады, оны Агенттіктің орталық аппараты құрады, оның құрамы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және өзге тұлғалар қатарынан қалыптасады.

Агенттік комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеуді Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен жүзеге асырылады, жалпы үйлестіруді Агенттіктің орталық аппараты қызметкерлері жүргізеді.

Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары екінші кезеңге қатысуға ұсынылады;

2) II кезең - республикалық конкурстық комиссия өткізетін, республикалық деңгейдегі конкурс.

Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) 9 адамнан және хатшыдан тұрады, комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі анықтайды.

Республикалық комиссия хатшысы дауыс құқығы жоқ және осы конкурсқа қатыспайтын Агенттік қызметшісі болып табылады.

Республикалық комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеу Агенттіктің орталық аппарат қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталады.

3. Конкурстың қорытындысы және оның жеңімпаздарының саны Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.

4. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау 23 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеуге орайластырылған.

 

II. Конкурс қатысушылары

 

5. Конкурсқа мемлекеттік қызметте өтілі бір жылдан кем емес, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, мемлекеттік қызметшілерге қатысуға жол беріледі.

6. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсыну мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен (лауазымды тұлғаларымен), сондай–ақ, осы Әдістемелік ұсынымның 5–тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін қызметшілердің өздерін ұсынуы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7. Өңірлік немесе республикалық конкурстық комиссияның мүшесі болып табылатын мемлекеттік қызметші конкурсқа қатысқан жағдайда, оның комиссия жұмысына қатысуы тоқтатылады.

 

III.Конкурсты дайындау және өткізу тәртібі

 

8. Конкурс, Агенттіктің Интернет–ресурсында басталуы туралы хабарландыру орналастырудан басталады.

Конкурс туралы хабарландыруда:

конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар, конкурстық тапсырмалардың нысандары;

конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру тәртібі мен мерзімі;

конкурс нәтижелерін жариялау тәртібі мен мерзімі;

конкурс туралы толық ақпарат алу көзі туралы мәлімет көрсетіледі.

Конкурсты өткізу туралы қосымша хабарландыру бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланады.

9. Конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 30 күн ішіндеКонкурсқа қатысуға үміткерлерді (бұдан әрі – үміткерлер) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан ішкі іріктеу,осы Әдістемелік ұсынымның 1 қосымшасына сәйкес үміткерлердің сауалнамаларын бағалау арқылы жүргізіледі.

Үміткерлердің сауалнамаларын бағалау,осы Әдістемелік ұсынымның

2 қосымшасына сәйкес критерийлерді ескере отырып балдық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Ең жоғары ұпайға ие болған мемлекеттік қызметшілер конкурсқа қатысуға үміткерлер ретінде ұсынылады.

Үміткерлер бірдей ұпай сандарын жинаған жағдайда басымдылық мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді меңгерген, күрделі жобаларды іске асыратын мемлекеттік қызметшілерге беріледі.

Мемлекеттік органдардың ішкі іріктеу рәсімі нәтижесі негізінде конкурсқа қатысуға үміткерлердің қажетті құжаттарын:

жергілікті атқарушы органдар - Агенттіктің тиісті аумақтық департаменттеріне;

Астана қаласында орналасқан орталық мемлекеттік органдар - Астана қаласы бойынша Агенттіктің аумақтық департаментіне жібереді.

10. Мемлекеттік органда ішкі іріктеу рәсімдерінен өтпеген, бірақ Конкурсқа өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысуға ниет білдірген мемлекеттік қызметшілер қажетті құжаттарды Конкурс өткізу басталған күннен бастап 30 күн ішінде Агенттіктің тиісті аумақтық департаментіне жолдайды.

11. Конкурсқа үміткерлер Агенттіктің тиісті аумақтық департаментіне келесідей құжаттарын жолдайды:

1) осы Әдістемелік ұсынымдардың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш;

2) конкурс қатысушысының оның бағасымен бірге сауалнамасы;

3) көлемі 500 сөзден тұратын машинамен жазылған А–4 нысанды мәтіндегі «Не себепті мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын» тақырыбындағы уәждемелік эссе (Times New Roman – 14, жоларалық интервал – бір);

Қол қойылған эссе қағаз түрінде ұсынылған жағдайда, оның Word (.doc) форматындағы электрондық нұсқасы қоса беріледі.

Уәждемелік эсседе кәсіби қызметіндегі үміткердің негізгі жеке жетістіктері, өзінің қызмет аясындағы мәселелерді шешудегі, мемлекеттік органмен оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процессіндегі жеке үлесі, сондай-ақ іске асырылған жобалардың тізімі (бар болған жағдайда) дәйектеліп жазылуы тиіс.

4) конкурс қатысушысының қызметтік тізімі.

 

IV. Конкурс өткізу кезеңдері

 

12. Бірінші кезең өңірлік деңгейде (облыстық) Агенттіктің аумақтық департаменттерімен осы Әдістемелік ұсынымдардың 11–тармағында көрсетілген құжаттары қабылдаудан басталады.

13. Мемлекеттік органдардан және өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысуға ниет білдірген үміткерлерден конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін Агенттіктің аумақтық департаменттерімен оларды толтырудың дұрыстылығына, осы Әдістемелік ұсынымдармен айқындалған критерийлерге сәйкестігіне және ұсынылған құжаттардың толықтылығына тексеру жүргізіледі.

14. Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметшілер:

1) осы Әдістемелік ұсынымдардың 5–тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;

2) осы Әдістемелік ұсынымдардың 11–тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес көлемде немесе белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайда жіберілмейді.

15. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оларды тексеру аумақтық департаменттермен конкурс басталу туралы хабарландыруды орналастырған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

16. Үміткерлер өңірлік деңгейдегі конкурстың бірінші кезеңінде, Агенттіктің аумақтық департаментімен жүргізілетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі жөнінде компьютерлік тестілеуден

(бұдан әрі - тестілеу) өтеді.

Тестілеудің болатын күні мен өту бал көлемі Агенттікпен белгіленеді. Тиесілі ақпарат Агенттіктің және оның аумақтық департаментінің арнайы сайтына жарияланады.

17. Тестілеуден сәтті өткен қатысушылар, Өңірлік комиссия немесе Агенттік комиссиядан әңгімелесуден өтеді, әңгімелесу кезінде:

қатысушылардың сауалнамадағы мәліметтері, жазылған уәждемелік эссенің сапасы, жариялымдары мен марапаттарының бары, ғылыми атағы мен дәрежесі, «А» корпусы қызметшілерінің кадрлық резервіне тіркелу фактісі, спорттық және қоғамдық қызметі назарға алынады;

Агенттікпен дайындалған, осы Әдістемелік ұсынымдардың 4 қосымшасының критерияларына сәйкес, Конкурсқа қатысушылардың жеке жобалық жұмыстары бағаланады.

Жеке жобалық жұмыста мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша экономикалық немесе әлеуметтік әсері бағаланған жаңарту ұсыныстары болуы тиіс. Жаңартылған ұсыныс нақты, дәйекті және бұрын тәжірибеде болмаған, қолданыста жоқ ойды ұсынуы маңызды, қолданыстағы әртүрлі тәжірбиелер бағалауға жатпайды.

18. Өңірлік комиссияның немесе Агенттік комиссияның әңгімелесу қортыныдысы бойынша жеңімпаздар Конкурстың екінші кезеңіне (финалдық) өтеді.

19. Өңірлік комиссиясының және Агенттік комиссиясының отырысына оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

20. Әрбір үміткер үшін шешім, Өңірлік комиссия және Агенттік комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылар рейтингісімен құрылған бағалау парақтарында қойылған баллдарды есептеу жолымен қабылданады.

21. Қорытынды отырыс хаттама түрінде рәсімделеді, оған Өңірлік комиссия және Агенттік комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.

22. Өңірлік комиссиясында әңгімелесу аяқталған соң, Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздарының құжаттары 5 жұмыс күні ішінде Агенттіктің орталық аппаратына жолданады.

23. Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін баллдары Агенттікпен бекітілген шекті мәнге жеткен қатысушылар жіберіледі.

Конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі – Конкурс финалистері, Агентіктің интернет-ресурсында жарияланады.

Конкурс финалистері бойынша ақпарат Конкурстың ақпараттық серіктесінің сайтында орналастырылады.

24. Республикалық комиссия өзінің жеке жобалық жұмысын қорғайтын қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Жеке жобалық жұмысты қорғауда қатысушы Республикалық конкурстық комиссияның алдында жеке жобалық жұмысын таныстыру және қорғау түрінде презентация өткізеді.

Баяндама кезінде ұсынылған жобаның мәні мен мақсаты, сонымен қатар іске асыру жолындағы мәселелер, іске асыру деңгейі және күтілетін нәтижелер ашылуы қажет.

Қатысушының баяндамасына 5 минут уақыт беріледі.

25. Әрбір үміткерге шешім осы Әдістемелік ұсынымның 4 қосымшасына сәйкес Республикалық комиссияның бағалау парағына қойған баллдарды есептеу жолымен қабылданады.

 

V. Конкурстың қорытындысын шығару

 

26. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Республикалық комиссия конкурстың нәтижесі бойынша шешім қабылдап, конкурстың жеңімпаздарын анықтайды.

27. Конкурстың нәтижелері хаттамамен рәсімделіп, Республикалық комиссия мүшелерімен қол қойылады.

28. Жеңімпаздар «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері» төс белгісімен, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

29. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны жайында ақпараттандырылуы Агенттікпен жүзеге асырылады.

30. Конкурс қорытындысы марапаттау күнінен бастап 5 күн ішінде Агенттіктің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады, сонымен қатар жеңімпаздар жайлы көрсетілген ақпараттар (олардың бөмірбаяны және суреті) қамтылған естелік буклет (кітап) әзірленеді.

31. Конкурсты өткізудің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыздандырылуы Агенттікпен жүзеге асырылады.

__________

1 – қосымша

САУАЛНАМА

 

 

 

 

Суретке арналған

орын

 

 

 

 

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Туылған күні

«

 

»

 

19

 

ж

 

Жұмыс орны

 

Лауазымы

 

Телефон

 

E-mail

 

 

Білімі (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы, біліктілігі)

 

 

Ғылыми дәрежесі, атағы (бар болса)

 

 

Мемлекеттік қызмет өтілі

 

 

Байқау жұмысы тақырыбының бағыты бойынша еңбек өтілі

 

 

 

Мемлекеттік және шет тілдерін білу:

Мемлекеттік (қазақ)

Ағылшын тілі

Орыс тілі

Басқа тілдер (көрсету керек)

 

Мемлекеттік, ведомстволық наградалар, құрметті атақтар, дипломдар туралыақпараттар (атауын және алған жылын көрсету керек)

 

 

 

Конкурс жұмысы тақырыбының бағыты бойынша семинарларға, форумдарға, конференцияларға қатысу бойынша ақпараттар (атаңыз)

 

 

 

 

 

 

Конкурс жұмысы тақырыбының бағыты бойынша қосымша білім беру (біліктілігін арттыру, даярлау/қайта даярлау, тағылымдама)алғаны туралы ақпараттар (оқу орны, бітірген жылы, бағағыты, мамандануы)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Енгізілген ғылыми басылымдар, кітаптар, жадынамалар, мақалалар, мемлекеттік қызмет мәселелері және (немесе) конкурс бағыты бойынша тақырыбына байланысты жазылған жұмыстар жөнінде ақпараттар (атаңыз)

 

 

 

 

Тәртіптік жаза қолданылғаны туралы мәлімет

 

 

 

 

 

 

Толтыру күні

Қолы

 

 

 

 

«

 

»

 

20

 

г.

 


Осы сауалнамада толтырылған менің деректерімді Конкурс ұйымдастырушыларымен өңдеуге, пайдалануға (интернет-ресурсқа жариялауды қосқанда) және сақтауға келісемін.

__________________

Қолы

 

2 – қосымша

Конкурсқа қатысушылардың сауалнамасын бағалау

өлшемдері

 

Өлшем

Бағасы

(балл)

1

2

3

1.

Мемлекеттік қызмет өтілі:

 

1 жылдан 5 жылға дейін

1

 

5 жылдан 10 жылға дейін

2

 

10 жылдан жоғары

3

2.

Тілдерді білуі (еркін меңгеруі):

 

Мемлекеттік тілді білу

1

 

Орыс тілін білу

1

 

Ағылшын тілін білуі

1

 

Басқа тілдерді білу (француз, қытай, араб және т.б.)

2

3.

Наградтар мен құрметті атағы:

 

ведомствалық наградасы

1

 

мемлекеттік наградасы

2

 

құрметті атағы

2

 

халықаралық ұйымдардың наградасы немесе құрметті атағы

2

4.

Кәсіби даму талпынысы:

 

2 және одан көп жоғары білімі

1

 

ғылыми дәрежесі

1

 

ғылыми еңбегі, ашқан жаңалығы (2017-2019 жылдары)

2

зерттеген немесе жүзеге асырған жобалары (2017-2019 жылдары)

3

5.

Мемлекеттік қызмет/басқару саласында кәсіби білімін жоғарылату деңгейі

(2017-2019 жылдары)

 

отандық семинарға, форумға, конференцияға қатысуы

1

 

халықаралық семинарға, форумға, конференцияға қатысуы

2

 

баяндама оқу, лекция оқу

1

 

тағылымдамадан өтуі

1

 

Біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау курстарын оқуы

1



3 – қосымша

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

 

__________________________

 

 

___________________________

(ТАӘА және лауазымы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Өтініш

Мені «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсына қатысуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.

Конкурстың шарттарымен таныстым және келісемін.

 

 

_________________ ____________________________

(күні) (қолы)

4 – қосымша

Конкурсқа қатысушылардың персоналды жобалық жұмыстарын бағалау

өлшемдері

 

Өлшемдер

Максималды баға (балл)*

1

2

3

1.

Жобада көрсетілген мәселенің өзектілігі

0 - 10

2.

Жобада көрсетілген мәселені шешудегі шығармашылық тәсіл мен жаңашылдық, мәселені шешуде басымдықтарды ораналастыру

0 – 10

3.

Үміткермен мәселенің мәнін білу және оны зерттеу деңгейі

0 – 10

4.

Мемлекеттік органдарға практикалық ұсыныстар беруі

0 – 10

5.

Саланың дамуын стратегиялық тұрғыда көру және оны «микродеңгейде» білу

0 – 10

6.

Жобаны жүзеге асырудан күтілетін экономикалық тиімділік

0 – 10

7.

Жұмыс нәтижесінің жүзеге асыру деңгейінің дайындығы

0 – 10

8.

Қойылған сұрақтарға анық жауап беру

0 – 10

9.

Талдау мен материалдарды жеткізудің өзгешелігі

0 – 10

* бағалау кезінде өлшемдердің мағынасы:

0 – 3, төмен нәтиже (өлшемдерге жеткіліксіз сәйкестік)

4 – 7, қанағаттандырарлық нәтиже (өлшемдерге орташа сәйкес келеді)

8 – 10, жақсы нәтиже (өлшемдерге толықтай сәйкес келеді)

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА