Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жобасын Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жобасын Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерімен қарау

№ 3 ХАТТАМАСЫ

 

 

Астана қ.                                                                          2019 жылғы «28» ақпан

 

 

Қоғамдық кеңестің жанындағы мемлекеттік қызметті және мемелекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша комиссиясының қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің келесі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын бiрауыздан мақұлдау ұйғарылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

2) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

3) «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Агенттік Төрағасының бұйрығы;

4) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Төрағасының бұйрығы.

 

 

Қоғамдық кеңес

Төрағасы                                                                                    С. Қанаев

 

Қоғамдық кеңес

хатшысы                                                                                Ж. Қалабаев

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА