«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат):

1) 7-баптың 3-тармағында:

4) тармақшасы мынадай редакциясында жазылсын:

«4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік қызметшілердің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы жұмыскерлерге әлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау;»;

8) тармақшасы мынадай редакциясында жазылсын:

«8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік қызметшілердің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;»;

2) 18-бапта:

2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінiң, мемлекеттік қызметшілерді тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актісіне сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын мемлекеттік қызметшілерге жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.».

2. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат):

15-баптың 1-тармағында:

4) тармақшасы мынадай редакциясында жазылсын:

«4) мемлекеттік қызмет істері уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау салаларындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық мемлекеттік орган;»;

мынадай мазмұндағы 4-1)тармақшасымен толықтырылсын:

«4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі уәкілетті орган – және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік орган;».

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 жылғы 26 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

2) тармақшасы алып тасталсын;

14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық орган;»;

2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, діни бірлестіктердің және өзге де қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.»;

3) 5-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

4) 10-бапта:

5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, діни бірлестіктердің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;»;

13-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының, жоғарғы басшысыны және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;»;

2) 12-бапта:

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Орталық мемлекеттік органдарының аппараттары басшыларының өкілеттіктерін олардың бірінші басшылары айқындайды.»;

5-тармағы алып тасталсын;

6) 15-бапта:

3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, қызметтегі судьялар, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттары, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттiк саяси қызметшiлер, халықаралық қызметшілер, судьялар «А» және «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес, іріктеу және конкурс өткізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша орналаса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды іріктеу жүргізбестен және уәкілетті комиссияның шешімінсіз, оларға тағайындау өзімен жүзеге асырылатын «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы.

Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Президенттік кадр резервіне алынған адамдар «А» және «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымдарына конкурс өткізілместен орналаса алады.»;

7) 16-бапта:

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде тесттен, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.»;

3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) мемлекеттiк қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот немесе қысқартылған тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;»;

8)19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Арнайы тексерудің оң нәтижелері алынған кезде мемлекеттік әкімшілік лауазыммен көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі.»;

9) 22-бап алып тасталсын;

10) 23-бап мынадай редакциясында жазылсын:

«23-бап. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізіледі.

2. «А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына белгіленген арнайы біліктілік талаптарына жауап беретін азаматтар қатарынан және осы Заңда белгіленген басқа да талаптардан жүзеге асырылады.

Конкурсты уәкілетті комиссия жүзеге асырады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

«А» корпусының әкімшілік лауазымдарына тағайындалу үшін уәкілетті комиссия ұсынған азаматтарды «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындауға уәкілетті лауазымды (органмен) немесе «А» корпусының әкімшілік лауазымдарына уәкілеттік берген лауазымды адам тағайындайды.»;

11) 25-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.    «А» мемлекеттік әкімшілік корпусына қайта құрылған мемлекеттік лауазымға орналасу осы Заңға сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қайта құрылған мемлекеттік қызметші осы баптың 1-тармағына сәйкес жұмысты мемлекеттік лауазымға орналасқанға дейін жалғастыруға құқылы.»;

12)26-баптың 2) тармақшасы мынадай редакциясында жазылсын:

«2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жеке қасиеттерін бағалату;»;

13) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакциясында жазылсын:

«1. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:

1) жалпы конкурс;

2) ішкі конкурс.»;

14) 28-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын өзге бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.»;

2-тармақ алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Азаматтардың жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде ескеріледі.»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.»;

15) 29-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Төменгі лауазымды қоспағанда, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, онда оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге де адамдар да қатысуға құқылы.

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

2. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде осы Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс өткізіледі.»;

2-1- және 3-тармақтары алып тасталсын;

4 және 4-1-тармақтары мынадай редакциясында жазылсын:

«4. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.

Аталған адамдардың мемлекеттік органның, аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, оның ведомствосының ішінде одан кейінгі ауысуларына жол берілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілмей, ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімі ауысудың шарты болып табылады.

4-1. Мемлекеттік органды құру кезінде ішкі конкурс өткізілмейді.»;

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакциясында жазылсын:

«5. Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, ішкі конкурстың өткізілген жалпы конкурстың қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Мұндай жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту туралы, сынақ мерзімін белгілеу туралы және кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны өзінің бұрынғы жұмыс орны бойынша тапсырған жағдайда оны ұсыну туралы талаптар қолданылмайды.»;

16) 32-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакциясында жазылсын:

«3. Шұғыл, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартылуы мүмкін.

Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмыс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтеледі.

4. Кезек күттірмейтін, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, мемлекеттік қызметшілерді мерзімнен тыс жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тарту тәртібі Мемлекеттік органдар бекітетін мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленеді.»;

17) 33-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың 3-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалауды «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) жүргізеді.»;

18) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар болып оларға неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын, ал біліктілік талаптары тең болған кезде – неғұрлым жоғары жалақы белгіленген мемлекеттік лауазымдар түсініледі.»;

19) 41-баптың 2- тармағы мынадай редакциясында жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртібін айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ротация жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін, ротациялауға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Басқа жерге ротациялау кезінде мемлекеттік қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі. Тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшіге тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төленеді.

Ротацияланатын мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Басқа жерге ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің балаларына жергілікті атқарушы органдар ротация орны бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар береді.

Егер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүкті, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана болып табылатын немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімі бойынша ғана жол беріледі.

Аталған мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.»;

20) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакциясында жазылсын:

«1. Мемлекеттік органды құру туралы акт қабылданған күннен бастап, қызметтік қажеттілік жағдайында, бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін азаматтарды үш айдан аспайтын мерзімге жұмысқа қабылдауға жол беріледі.

Ұзартуға болмайтын осы мерзім ішінде көрсетілген мемлекеттік лауазымдар осы Заңға сәйкес бос болмауға тиіс.

«А» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін жұмысқа қабылдау «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын белгіленген арнайы біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келетін адамдар қатарынан жүзеге асырылады.»;

21) 44-бапта:

3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) мемлекеттік лауазымын төмендету немесе қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

  5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.

  Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.»;

5-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12) және 15) тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту әкеп соғады.

Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.»;

6-тармақ алып тасталсын;

7-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 3), 4),  5), 9), 13), 14), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.»;

22) 50-баптың 1-тармағы 17) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«17) Сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде аталған қордан оларды сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджетке аударады.»;

23) 52-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына не уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.»;

24) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымнан конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша, ауысу, ротациялау, сайлау, іссапарға бару тәртібінде, сондай-ақ мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру салдарынан басқа лауазымға бірмезгілде орналаса отырып босатылғанда, оның бұрынғы лауазымдағы нақты жұмыс істеген уақыты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтіліне қосылады.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшіге оның бұрынғы жұмыс орнынан жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілмейді.

Күнтізбелік жыл ішінде мемлекеттік қызметшіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мөлшерде сауықтыру үшін біреуден аспайтын жәрдемақы төленуі мүмкін.»;

25) 56-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

«9. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.»;

26) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Іссапардың барлық уақыты бойында іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.»;

27) 60-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Кемінде алты ай мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер өздеріне қатысты заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі бар не қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша тоқтатқан жағдайда отставкаға береді. 3), 4), 9), 10), Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 11) және 12) тармақшаларында немесе 36-бабында көзделген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Ескерту.

Осы тармақта мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тікелей бағынысты басшылары деп олардың орынбасарлары, көмекшілері, кеңесшілері, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына тікелей бағынатын құрылымдық бөлімшелердің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың аппараттары мен ведомстволарының басшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының басшылары, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына тікелей бағынатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары түсініледі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тікелей бағынысты әкімдерінің орынбасарлары, кеңесшілері, көмекшілері, олардың аппараттарының басшылары, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атқарушы органдарының басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әкімдеріне тікелей бағынатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары деп түсініледі.»;

28)61-бапта:

1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы;».

мынадай мазмұндағы 21-1-тармақшасымен толықтырылсын:

«21-1) мемлекеттік биліктің беделін анық түсіретін, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қызметік әдепті сақтамау;»;

3-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:

«3. Осы баптың 1-тармағының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) 21) және 21-1) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер терiс себептермен шығарылған болып танылады.»;

29) 68-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызмет персоналы резервіне оқуға түскен азаматтар «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына «А» корпусының кадр резервіндегі жарыс мерзімі аяқталғанға дейін конкурссыз тағайындалуы мүмкін.».

4. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):

4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан тұрады.

Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Соттың Төрағасын, Бас Прокурорды, Әділет министрін, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның басшысын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағаларын лауазымы бойынша Кеңес мүшелері етіп тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа да адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                              Қ. Тоқаев

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА