Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысы.

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921 қаулысымен.

"Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі–Жоспар) бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921 қаулысымен.

2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:

1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921; 29.12.2018 № 930 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімі бойынша іс-шараларының орындалуына жүргізілген мониторинг және бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921 қаулысымен.

5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жылдың қорытындысы бойынша Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 921 қаулысымен.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

 

Орналастырылған: 04.07.2019
Жаңартылған: 11.07.2019
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА