Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 723 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 723 Жарлығы

"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;

2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Орналастырылған: 04.07.2019
Жаңартылған: 11.07.2019
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА