Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

 

«Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы Концепциясын, Бес институционалдық реформаны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды тиімді іске асыру үздік халықаралық тәжірибені зерттеуді және бейімдеуді, сонымен қатар шетелдік әріптестермен тұрақты ықпалдастықты қажет етеді.

Осы тұрғыда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау салаларында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда.

 

 

Халықаралық келісімдер базасы

 

Мемлекеттік қызмет саласында Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Финляндия, Армения, Таиланд, Франция, Ұлыбритания, Грузия, Эстония, Израиль, Оңтүстік Корея және Тәжікстанмен ынтымақтастық туралы 14 меморандум іске асырылуда.

 

 

Халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық

 

Агенттік Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Азия Даму Банкі сияқты беделді халықаралық ұйымдармен тығыз әріптестік орнатқан.

Қазіргі кезде Агенттік Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ-мен бірлесіп «Мемлекеттік аппараттың кәсіби қызметінің механизмдерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік органдардың кәсіби қызметін дамытуға, сапалы қызмет көрсетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейтуге және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыруға жәрдемдесу арқылы мемлекеттік органдардың тиімді, ашық және есеп берушілік жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Агенттік Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы хабпен ынтымақтастық құрған. Бірлескен жоспар аясында, түрлі іс-шаралар, соның ішінде конференциялар, семинарлар, тренингтер және зерттеулер өткізілуде.

 

Орналастырылған: 11.01.2017
Жаңартылған: 10.10.2019
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА