Елбасының жылсайынғы Жолдауындағы Жоспарларды жүзеге асыру бойынша ақпарат

2017 жылы 340 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектісінің қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөнінде 3028 ұсыным енгізіліп, олардың 2873 (80 %) орындалды.

2016 жылғы 5 желтоқсанда Агенттік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағаларымен Агенттік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша жол картасы бекітілді.

Жол картаның шеңберінде бизнесті дамыту үшін маңызы бар 16 салада бірлескен талдау жүргізілді.

Анықтама: денсаулық сақтау, ЖАО кәсіпкерлік қызметті дамыту, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, энергетика және ТКШ, жер қатынастары, ЖАО өткізілетін мемлекеттік сатып алу, салықтық әкімшілендіру, кедендік әкімшілендіру, табиғатты пайдалану және экология, ветеринарлық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, сот актілерін орындау, көліктік бақылау салалары

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мазмұнын талдау көбінесе олардың дискрециялық өкілеттіктеріне байланысты екенін көрсетеді.

Бұл, бірінші кезекте, заңнаманың жетілмеуі  лауазымды тұлғалардың өз қалауы бойынша заңға белгіленбеген артықшылықтар беруіне немесе міндеттемелерден жалтаруды білдіреді.

Салықтық әкімшілік саласына тән сыбайлас жемқорлық факторларының бірі оның тұрақсыздығы болып табылады. 2008 жылы қабылданған Салық кодексіне 140–тан аса нормативті құқықтық актілермен өзгерістер және толықтырулар енгізілген. Бұл ретте, соңғы 3 жылда салықтық есептіліктің нысандары мен олардың толтыру ережелері 5 рет өзгеріске ұшыраған.

Мұндай жағдайда салық қызметі заңнама талаптарының бұзылуын оңай қабылдайды. Көбінесе лауазымды тұлғалармен жүргізген салықтық тексеру актілеріне қол қойылмайды, мүлікке салынған шектеулер уақытында алынбайды, шығын операцияларын тоқтата тұру туралы қаулылар мерзімін бұза отырып жойылады.

Сондықтан Агенттіктің ұсынысы бойынша жаңа Салық кодексінің жаңалықтарының бірі ол жылына 1 реттен артық емес өзгерістер мен толықтыруларды енгізу нормасы болып табылады.

Кейбір жағдайларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері құқықтық реттеуді, белгілі бір үрдістерді автоматтандыруды немесе мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтықтың болмауынан туындайды.

Ең айқын мысалдардың бірі - денсаулық сақтау саласы. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына тәуелділігінен дәрі-дәрмектер мен медициналық техникалар әртүрлі бұзушылықтар мен лоббизмнің түрлеріне себеп болды.

«СК-Фармация» өткізетін тендерлерде жылдан жылға сол компаниялар (20 компания) сатып алынатын тауарлардың 80 %-ның өнім берушісі болған.

Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды электрондық нысанға ауыстыруды көздейтін заң жобасы әзірленуде.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдаудың жаңа ережелері бекітілді. Есептік құжаттаманың нысандары 22 %-ға және бастапқы медициналық құжаттама 30 %-ға қысқартылды.

Агенттік квазимемлекеттік секторда сатып алу мәселелерін бірнеше рет көтерді. «Бәйтерек Development» АҚ-да ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлық схемасы осы салада сатып алу тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажеттігін айқын көрсетеді.

Қазіргі заманғы электронды сатып алу тетіктерін және жеке Заң енгізу жағдайды түзетудің маңызды шарты болып табылады. Мұндай жұмыстарды Қаржы министрлігі жүзеге асыруда.

Жалпы, 2016 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау институты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді.

Осы жұмысқа барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар тартылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа заң жобасы аясында агроөнеркәсіп кешенін реттеу мәселелері бойынша өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бірқатар нормаларды қарастырған.

Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектілікте тұрғандарға барлық әрекеттер автоматтандырылған бірыңғай жүйені жасақтау бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында пилоттық режимде балаларды тіркеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Жүйе баланы кезекке қоюға, балабақшаны таңдауға және әкімдіктің қатысынсыз жолдаманы алуға мүмкіндік береді (20 000-нан астам бағыттар шығарылды).

Білім және ғылым министрлігі мектептерде «жинауларды» болдырмау мақсатында Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың типтік қағидаларын және білім беру ұйымдарында оны сайлау туралы тәртібін бекітті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша Инвестициялар және даму министрлігі жол құрылысы саласында сатып алу кезінде құжаттарды электронды беру жүйесін енгізді. Жол активтерінің сапасы жөніндегі Ұлттық орталықты ашу мәселесі қарастырылуда. Автомобиль жолдарындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын орталықтандырылған түрде бақылауды жүзеге асыру жоспарлануда.

Экология саласында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер біріктірілуде. Экологиялық сараптама қорытындыларының электрондық форматына толық көшу көзделген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 3 есеге дейін қысқартылды (120-дан 45 күнге дейін), ол бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсартуға мүмкіндік береді және қызмет алушыларға әкімшілік кедергілерді азайтады.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында электрондық мемлекеттік аудитке көшу мәселесі қарастырылуда. Мемлекеттік аудиторлар лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілді.

Сыбайлас жемқорлықты жасауға ықпал ететін «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша жұмыстар Агенттікпен тұрақты негізде жүргізіледі.

Анықтама. Мемлекеттік қызметтер белгілері бар 334 функциялар анықталды , оның ішінде: 54 функциялар - мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген, сондай-ақ оған енгізу үшін 50 функциялардан тұратын  тізбе құрылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша қызмет берушілердің қызметін  жақсарту жөнінде шаралар қабылдануда.

Осы жұмыстың нәтижесінде қызметтерді алудағы қолжетімділік, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға жеңілденіп, Астана қаласы бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі - мамандандырылған ХҚКО) қызметі жетілдіріліп, медициналық тексеруден тез және сапалы өту, кезекті, сондай-ақ тіркеу-емтихан бөлімшенің қызметерлерімен байланысты алып тастау бойынша шаралар қабылданды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесімен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйелерімен біріктіру жолымен эксаумақтылық қағидасы бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға қызмет көрсету институты енгізілді.

Қызметті алушылардың күту уақыты 79% - ға, ал қызмет көрсету уақыты-58% - ға қысқарды.

Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен Астана қаласының мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс тәжірибесін еліміздің ұқсас орталықтарына тарату бойынша жұмыс жүргізілді.

Агенттіктің ұсынысы бойынша елордалық мемлекеттік кірістер басқармаларында «кедергісіз» қағидасы (әйнектелген тіреулер алынып, қарапайым үстелдер мен орындықтарға ауыстырылды) бойынша азаматтарға қызмет көрсету жүзеге асырылады, электрондық кезек енгізілді, көрнекті ақпараттық стендтер орнатылды, өзіне-өзі қызмет көрсету, құжаттарды қабылдау және беру секторларына бөлімдерді қайта бөлу жолымен  трансформация жүргізілді, жұмыс кестесі қайта қаралды.

Анықтама. Бұрын құжаттарды қабылдау 5 жұмыс күн ішінде, түскі үзіліспен күн сайын сағат 17.30-ға дейін ғана жүзеге асырылды.

Алматы ауданының салық органдарында құжаттарды түскі үзіліссіз 20.00-ге дейін пилоттық режимде қабылдау ұлғайтылды. Сонымен бірге салық органымен қызметтер енді сенбі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі.

Қазіргі уақытта азаматтарға қызмет көрсетудің «кедергісіз" қағидасы мемлекеттік кірістер органдарының еліміздің барлық өңірлерінде енгізілуде.

Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, оларды ұсынудың баламаларын жою, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің жай-күйін тексеру мақсатында Агенттік басшылығы қоғамдықстықпен бірлесеп аумақтарға (Алматы қ., Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары) іс-сапарлар жүргізілді.

Көші-қон, денсаулық сақтау, кіріс, жер қатынастары, коммуналдық қызмет көрсету сияқты сұранысқа ие қызмет көрсетуші 108 мемлекеттік органдар және мекемелер (ауылдық және аудандық деңгейде) жұмысымен таныстырылды, соның ішінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және «азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-сының филиалдары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

Атқарылған жұмыс нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша 138 ұсыныс енгізілді. Анықталған кемшіліктер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, әкімшілік тосқауылдар және бюрократиялық үрдістер жойылды.

Сонымен бірге, аталған тексерулер, тек мемлекеттік қызмет көрсетуші мемелкеттік органдар мен мекемелерде ғана емес, сындай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінде де жүргізілгенін атап өту қажет.

Осылайша  «АстанаЭнергоСбыт» №1 сервистік орталығының жұмысымен танысу нәтижесінде ғимарат ішінде толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қызмет көрсету бөлмелері кеңейтіліп, электрондық кезек қағидалары енгізіліп, күту залдары және өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жабдықталды.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік корпорация жүйесіне ұқсас, төлем терминалдары мен қызметкерлердің қызмет көрсету сапасын бағалайтын  электрондық жүйе орнатылды.

«АстанаЭнергоСбыт» сервистік орталығының тәжірибесін трансформациялау, республиканың барлық коммуналдық қызметтерінің қызметін жетілдіру үшін негіз болды.

Әдеп жөніндегі кеңестердің қызметі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша құралдарының бірі болып табылады.

2017 жылы Әдеп жөніндегі кеңестердің 176 отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алуға арналған 347 мәселелер қарастырылды. Оларды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға 2139 ұсыныстар енгізіліп, 2121 (99,1%) – орындалған.

Елбасының тапсырмасы аясында жүргізілген жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтауға және жоюға, ең алдымен, азаматтардың мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА