"Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы" баяндама

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын жүзеге асыру мақсатында 13 орталық мемлекеттік органдармен 16 облыстық аппарат әкімдігінде және Астана мен Алматы қалаларында Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес атқаратын лауазымы енгізілді. 

Бұл ретте, 744 мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық лауазымын атқаратын және ұжымда жоғары беделі бар адамдарға жүктелген.

Осылайша, бугінгі күні әдеп жөніндегі уәкіл институты барлық әкімшілік мемлекеттік қызметте жұмыс жасауда.

Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуды, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, түсіндірме жұмысын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек береді, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға жәрдемдеседі, қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды, мемлекеттік органның басшылығына құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою бойынша ұсынымдарды енгізеді, азаматтық қоғам институттарымен және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, қызметшілер мен азаматтарды қабылдауды жүргізеді.

Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілген уақыттан бері нақты біраз жұмыстар атқарылды, яғни бұл ретте аталған институттан күткен үміттердің ақталғандығын көрсетеді.

Мемлекетік қызметшілердің әдептілік деңгейін жоғарылату мақсатында семинар, лекция және БАҚ арқылы тұрақты түрде түсіндірме шаралары өткізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпараттар барлық мемлекеттік органдардың және ашық әлеуметтік желілерде орналастарылған.

Егер 2016 жылы әдеп жөніндегі әкілмен 993 профилактикалық және түсіндірме жұмыстар жүргізілген болса, 2017 жылы аталған түсіндірме шаралар 5 мыңнан аса жүргізілген, ал ағымдағы жылдың тек қана 1 тоқсаны бойынша бұл сан 2092 – ге жеткен.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша әдеп жөніндегі уәкілмен Мемлекетік қызметшілердің әдептілік деңгейін жоғарылату тақырыбында 1500 аса семинарлар, БАҚ өкілдердің қатысуымен де өткізілген болатын.

Бұдан басқа, әдеп жөніндегі уәкілдермен тұрақты түрде ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнамалар жүргізіледі.

Бұл арада, 2017 жылы әдеп жөніндегі уәкілдермен 50 мың мемлекеттік қызметшілер арасында (49979), ал 2018 жылдың 1 тоқсанында 13691 мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнамалар жүргізілген жүргізілді.

Сауалнама қорытындысымен әдеп жөніндегі уәкілдермен кездесулер мен қабылдаулар жүргізіліп, мемлекеттік органның басшылығына құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою бойынша ұсынымдарды енгізеді.

Мысалға, сауалнама қорытындысымен Ақмола облысы Аршалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде іс-сапар шығындарын заңсыз өтелмеу фактілері анықталды. Қабылданған шаралар негізінде, іс-сапар шығындары бойынша қаржылық берешектер толығымен өндірілді.

 

Сауалнама қорытындысымен Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық  басқармасына қарасты бөлімдер арасында лауазымдық нұсқаулықтарының тең бөлінбеу, атқаратын қызметіне сәйкес емес тапсырмаларды орындаумен қатар, жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмыстарға тарту фактілері орын алғандығы анықталды. Қабылданған шаралар негізінде барлық бұзушылықтар жойылды.

Жүргізілген анонимді сауалнама қорытындысымен Ақтөбе облысының Байғанин ауданында мемлекеттік қызметшілердің өз әріптестерімен әдепсіз қарым-қатынас орнату мәселесі бойынша 2 факті орын алған. Қазіргі таңда осы фактілер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, екі тарап ортақ келісімге келді.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілге келіп түсетін арыз шағымдар қатарының көбейуі, оның ішінде шағымдардың расталу үлесін жоғарлау мәселелері анықталып отыр.

Егер 2017 жылы келіп түскен 422 арыз шағымның 59 (13%) расталған болса, 2018 жылдың 1 тоқсаны бойынша жалпы 185 арыз шағымның 50 (27%) расталған.

Яғни, 2017 жылы әдеп жөніндегі уәкілдермен арыз шағымдарды қарау бойынша 25 арызданушылардың құқықтары қалпына келтірілген болса, соның ішінде 11 мемлекеттік қызметшілер, 16 мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен орын алған жан-жалды жағдайлар қалпына келтіріліп, әдеп нормаларын бұзу бойынша 11 фактілері орын алған.

Ағымдағы жылдың 3 ай қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдермен 17 арызданушылардың құқықтары қалпына келтіріліп, оның ішінде 7 мемлекеттік қызметшілердің, 14 мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен орын алған жан-жалды жағдайлар қалпына келтіріліп, әдеп нормаларын бұзу бойынша 13 фактілері орын алған.

Мысалға, Солтүстік-Қазақстан облысының әдеп жөніндегі уәкіліне Темирязев ауданы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшісі жұмыс уақытының сақталмау және аппараттық мәжілістердің жұмыс уақыты басталмас бұрын өткізу, яғни аппараттық мәжілістер таңғы сағат 7 де өткізілу мәселелерімен шағымданған болатын. Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынымдарына сәйкес, аталған тәжірибе жойылды.

Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысының Урджар аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманына жыл сайынғы еңбек демалысын алуына бас тарту фактілері орын алған.  Қабылданған шаралардың негізінде, тиісті өтемақы өтеумен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы берілді.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік қызметшілерге қатысты қолданылға тәртіптік жазалармен келіспеушілік мәселелері бойынша да арыз шағымдар қаралды. Арыз шағымдарды қарау қорытындысымен, заңсыз қолданылған тәртіптік жазалардың күші жойылды.

Бұдан басқа, әдеп жөнідегі уәкілдермен мүдделер қақтығысы бойынша фактілерді анықтау мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылады.

Мысалға, Павлодар облысы Өспен ауданының әдеп жөніндегі уәкілімен қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген болатын.

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысымен аудан әкімі орынбасары-жер комиссиясының төрағасы  Б.Х.Жусупбаеваға қатысты мүдделер қақтығысы бойынша фактінің орын алуы анықталды. Яғни, ол жер участкілерін бөлу барысында, жер комиссиясының төрағасы бола тұра, өзінің келініне ауыл шаруашылығына қажетті 10 жыл мерзімге 537,8 гектар жер бөлген.

 

Осыған ұқсас, БҚО-ның әдеп жөніндегі уәкілімен ҚР АШМ АӨК МИК аумақтық инспекциясында мүдделер қақтығысы фактісі анықталған. Яғни, аумақтық инспекция басшысы өзінің жеңгесін бухгалтер ретінде жұмысқа орналастырған. Қабылданған шаралар нәтижесінде мүдделер қақтығысы фактісі жойылған.

Бұдан басқа, Павлодар облысының әдеп жөніндегі уәкілімен мүдделер қақтығысы фактісі орын алған жағдайда мемлекеттік қызметшінің өздігінен бас тарту бланкісі әзірленген.

Әдеп жөніндегі уәкілдермен өткізілетін шаралардың өзіндік оң нәтижелері бар.Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдер арыздар мен шағымдарды қарау барысында Агенттіктің аумақтық департаменттерімен тығыз байланыста екенін атап өткен жөн.

Мысалы, 2017 жылғы тамыз айында СҚО-ның әдеп жөніндегі уәкілінің сенім телефонына Есіл ауданы Амангелді селолық округінің тұрғынан аталған селолық округ әкімінің жұмыс уақытында табиғатта масаң күйде жүрген фактісі туралы хабар келім түскен.

Құрамында облыс әкімідігі және агенттіктің аумақтық департаментінің  өкілдерінен құрылған жұмыс комиссиясының шығу нәтижесінде аталған факт расталған. Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша селолық округтің әкімі жұмыстан босатылып, аудан әкімі аппаратының басшысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Әдеп жөніндегі уәкіліне консультациялық көмек алуға келушілердің қатарының көбейуі анықталып отыр. Оның ішінде азаматтармен қатар, мемлекеттік қызметшілер де бар. Яғни, бұл дегеніміз, аталған институтқа деген сенімнің жоғарлауын көрсетеді.

Атап айтқанда, 2016 жылы әдеп жөніндегі уәкілге консультациялық көмек алуға 445 азаматтар келген болса, 2017 жылы келушілер қатары 3461 құрады, ал ағымдағы жылдың 1 тоқсанында аталған сан 2307-ге жеткен.

Талдау қорытындысымен мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігін мемлекеттік қызмет саласы бойынша, тәртіптік жаза қолданудың тәртібі, арыз шағымдарды қараумен қатар, шектеулерді сақтаумен әдеп нормаларын стандарттары және әлеуметтік желілерді қолдану мәселелі толғандыратыны көрсетті.

Жеке және заңды тұлғалар негізінен мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалармен қабылданатын шешімдерімен келіспеушілік мәселелері бойынша шағымданады.

Сонымен қатар, 2017 жылы «Білім» ғылыми-зерттеу орталығымен мемлекетік қызметшілердің әдептілік деңгейіне әлеуметтік зерттеу жүргізу барысында, әдеп жөніндегі уәкілмен атқаратын қызметі де зерделенді.

Әлеуметтік зерттеу қорытындысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің 73 % әдеп жөніндегі уәкілдің кім екендігі және немен айналысатыны жөніндегі білетіндіктері анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің 71 % өздеріне мәлім болған қызмет бабында орын алған заңсыз фактілер бойынша әдеп жөніндегі уәкіліне шағым келтіре алатындықтарын көрсетсе, бұл ретті, басшылық тарапынан ешқандай қысымшылықпен төзбеушіліктердің орын алуы жөнінде қорықпайтындықтарын көрсеткен.

Жауап бергендердің 69 % әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі тиімді деп жауап берген.

Сонымен қатар, Агенттікпен тұрақ түрде әдеп жөніндегі уәкілдердің имиджін, олардың біліктілігі мен кәсіби деңгейін арттыру, сонымен қоса мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзу жағдайларының алдын алуы бойынша бірлескен шараларды  жұмыстар жүргізіледі.

2017 жылы әдеп жөніндегі уәкілдер (80 адам) мемлекеттік басқару Академиясынан оқытылып шықты.  Оқу барысында Агенттік пен Академия қызметкерлерінің, Еуропа кеңесі мен ЕҚЫҰ халықаралық сарапшысы, кеңесшісі Я.П.Стрельченканың қатысуымен семинар өтті. 

Бұдан басқа, 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін арттыру кешенді жоспары аясында 70 әдеп жөніндегі уәкілге ағымдағы жылдың мамыр мен қазан айларында мемлекеттік басқару Академиясында «Әдеп жөніндегі уәкілдердің жеке тұлғалық құзыреттілік  арттыру» (даулы жағдайларды шешу,  қарым-қатынас психологиясы, күйзеліске төзімділік, шешендік өнер және медиация) тақырыбында семинар өткізу жоспарлануда.

Осыған ұқсас жұмыстар Академияның филиалындарында жүрізілетін болады.

Қаржы министрлігінің, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әдеп жөніндегі уәкілдеріне АМТ мүшелері мен МБА профессорлық-оқытушылар құрамымен  семинар-кеңестер өткізілді.

Бұнымен қоса, әдеп жөніндегі уәкілдермен әділет, ауыл шаруашылығы, қаржы, ақпараттандыру және коммуникация, білім және ғылым, денсаулық  сақтау министрліктерінің,  сонымен қатар Астана қаласының, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік қызметшілерімен бірлесіп,бейнелориктерді көрсету арқылы  этикалық нормалар мен мінез-құлық стандарттарын түсіндіру бойынша кездесулер өткізілді.

Агенттіктің аумақтық департаменттерімен ұқсас берлескен шаралар өткізіліп жатыр.

12 сәуір күні академия базасында орталық мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен брейнсторминг өткізілді. Онда, әдеп жөніндегі уәкілдер өз қызметтерінің жандандыру әдістерімен формалары мәселелерін талқылап, бір-бірімен алдағы уақытта атқаруға тиісті шаралар туралы талқылады.

Аталған тәжірибе жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, Кешенді жоспар аясында барлық мемлекеттік органдар басшыларымен әдеп жөніндегі уәкілге қол қою құқығын берілді.

Енді әдеп жөніндегі уәкілдер өздеріне келіп түскен арыз шағымдар бойынша жауаптарға, саондай-ақ, мемлекеттік органдарға жолданатын сұраныстарға өз беттерімен қол қою арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осымен қоса, Агенттікпен әдеп жөніндегі уәкілдердің басшыларынан тәуелсіз болу мақсатында, қолданыстағы заңға әдеп жөніндегі уәкілдің жауапкершілігін тек қана комиссия мен әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қарау бойынша өзгертулер енгізуге мәселесі Президент әкімшілігімен келісілді. Аталған ұсыныс заң департаментіне жолданды.

Әдеп жөніндегі уәкілдерге олардың функцияларын жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультациялық кеңес беру және тәжірибемен алмасу мақсатында Мемлекеттік органдардың интранет  порталында (МОИП) менің атымнан форум құрылып, онда Әдеп жөніндегі уәкілдер оларды қызықтырып тұрған сұрақтар қойып оларға толық жауап алуда (Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының ӘЖУ 30 сұрақ түсті).

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын ынталандыру және осы институтты әрі қарай дамыту үшін Сіздің келісіміңізбен Агенттік «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» байқауын жариялауда.

Байқаудың өткізу мақсаты мемлекеттік қызметшілердің арасында моральдік-әдептілік құндылықтарын өсіру, Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы қоғамның позитивтік пікірін қалыптастыру.

Байқаудың қорытындысы бойынша екі номинация бойынша премия ұсыну жобалануда: «Дербес лауазымды атқаратын үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» және «Функциялары жүктелген үздік Әдеп жөніндегі уәкіл».

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА