Агенттіктің көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша аннотация

Агенттіктің көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша аннотация

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу», «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау», «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту», «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық резервіне қабылдау», «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметтері мемлекеттік қызмет істері саласындағы уәкілетті органның 2016 жылғы

21 желтоқсандағы № 96 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

2016 жылы жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 62511 құрайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу және дәлелсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Агенттікпен қызмет алушыларды ақпараттандыру маұсатында 32581 адамды қамти отырып, 1313 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА