Агенттіктің Ішкі аудит қызметінің 2019 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы

2019 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінде нақты мәселелер бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит нәтижесі бойынша аумақтық департаментке «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін және стандарттарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, өткізілген аудит кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сәйкессіздік анықталды. Аудит нәтижесі бойынша Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламентіне тиісті өзгерістер енгізу ұсынылды.

Агенттіктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін жетілдіру шеңберінде, Қызмет тұрақты негізде ағымдағы шығыстарды оңтайландыру және ішкі бизнес процестерін жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік құжаттарды (түзетулер) әзірлеуге қатысады.

Бұдан басқа, Қызметтің жұмыскерлерімен Агенттіктің қызметкерлеріне қолданыстағы бюджеттік және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бойынша ауызша кеңестер береді.

Қызметтің жұмыскерлері өз біліктілігін арттыру аясында а.ж. маусымында Академия базасында «Тиімділік аудиті» тақырыбында курсты тыңдап шықты.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА