Агенттіктің Ішкі аудит қызметінің 2018 жылда атқарған жұмысы туралы

2018 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес Агенттіктің Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары департаментінде, сонымен қатар Ұлттық бюроның аумақтық департаменттерінде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аудиторлық іс-шара жүргізілді, жалпы сомасы 2,6 млрд. теңге қамтылды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша жалпы сомасы 9,7 млн. теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 9,4 млн. теңге сомасында (мемлекеттік сатып алудағы рәсімдік бұзушылықтарды ескере отырып), 0,3 млн. теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, олар бухгалтерлік есеппен қалпына келтіріліп және республикалық бюджет кірісіне өтелді. Аудит объектілеріне жолданған ұсынымдар толық көлемде орындалды.

Қызметпен жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелеріне талдау тұрақты негізде жүзеге асырылады, оның нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар әзірленген және жолданған:

- Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар, 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 135 VI ҚРЗ Заңмен қабылданды;

- Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу бойынша қалыптастырылған ұсыныстар, 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 Қаржы министрінің бұйрығымен қабылданды;

- іссапар шығындары рәсімін жеңілдету бойынша ұсыныстар, 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 394 ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданды.

Агенттіктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін жетілдіру щеңберінде, Қызмет ағымдағы шығыстарды оңтайландыру және ішкі бизнес процестерін жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік құжаттарды (түзетулер) әзірлеуге қатысты, атап айтқанда:

- «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттары әзірленді және қабылданды;

- мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді және қабылданды;

- Агенттіктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2019 жылға арналған Даму жоспарын қарастыру кезінде ағымдағы шығыстарды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді және қабылданды.

Бұдан басқа, Қызметтің жұмыскерлерімен Агенттіктің қызметкерлеріне қолданыстағы бюджеттік және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бойынша кеңес береді.

Қызмет тұрақты негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады (Есеп комитеті, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті).

Қызмет басшысы ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде құрылған Ішкі мемлекеттік аудит қызметтері органдарын жетілдіру жұмыстары бойынша Жұмыс тобының мүшесі болып табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит қызметі органдарының жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар Жұмыс тобының отырысында әзірленіп, Қаржы министрлігіне енгізілді.

Қызмет жұмыскерлерінің бастамасы бойынша Мемлекеттік қызмет академиясы базасында орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметінің тиімділігін арттыру бойынша семинар-кездесу өткізілді. Осы кездесудің шеңберінде қызмет басшыларының коммуникативті дамуы бойынша оқыту өткізілді. Одан басқа, 2019 жылы Академия базасында қызмет жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша мәселе пысықталды.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА