2019 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кодексінің 141-бабы 3-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 7-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ережесінің 16-тармағы 62) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 31 қазандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 51 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің 11-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша 2019 жылдың екінші жартыжылдығына арналған:
  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) орталық аппараты жүргізетін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
  2. Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жүргізетін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  1. Агенттіктің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне және Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне жолдауды қамтамасыз етсін.
  2. Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары 2019 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімінде көрсетілген тиісті бақылау субъектілерге қатысты бақылау іс-шараларын сапалы және уақытылы жүргізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Төрағасы                                         А. Шпекбаев

 

 

Орналастырылған: 10.06.2019
Жаңартылған: 11.07.2019
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА