2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы тексеріс іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат

Агенттікпен және оның аумақтық бөлімшелерімен 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша 584 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 65 мыңнан астам бұзушылықтар анықталды (2018 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,7% немесе 34,5 мың бұзушылыққа азайды).

Жиі кездесетін бұзушылықтарға стандарттармен айқындалмаған құжаттарды сұрату немесе ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған құжаттарды талап ету (56% или 36,3 мың фактілер), мемлекеттік қызметтер көрсету бизнес-процессін сақтамау (23,1% или 15 мың фактілер), толық құжаттар топтамасы болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету (6,7% или 4,4 мың фактілер), мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту (4,4% или 2,9 мың фактілер), мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін сақтамау жатады (3,2% или 2,1 мың фактілер).

Мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағыныстағы мекемелердің 215 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік органдарға 1332 нұсқамалар енгізілді, оның ішінде – 90% орындалды (қалғандары орындалуда).

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА