2018 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесі

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментімен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы бойынша тексерістердің нәтижелеріне талдау, сондай-ақ тексерістер нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға енгізілген ұсынулар мен заңнаманы бұзу жолымен қабыданған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстардың орындалуына мониторинг жүргізілді.

2018 жылдың 1-тоқсанында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 302 тексеру жүргізілді (Агенттікпен 7, аумақтық департаменттерімен 295) Тексерістерді тағайындауға негіз болды: жеке тұлғалардың өтініші (171),  заңды тұлғалардың өтініші негізінде (53), мемлекеттік қызметшілердің өтініші (41), ішінара тексерулер (34), прокуратура органдарының және қылмыстық қудалау органдарының тапсырмалары (2) және 1 тексеріс  өзге де негіздер бойынша (Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметтік хаттары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни мақалалар және т.б.).

Тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының 3170 бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:

- мемлекеттік қызметшілердің қызметін жылдық бағалау бойынша – 883 (27,8%);

- мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасудың конкурстық тәртібі бойынша - 448 (14,1%);

- мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау бойынша – 242 (7,6%);

- артық жұмыс істегені үшін өтемақы беру бойынша – 201 (6,3%);

- мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауапкершілік қолдану тәртібі бойынша – 171 (5,3%);

- Әдеп кодексі бойынша – 144 (4,5%);

- мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзушылықтары – 1081.

 Анықталған бұзушылықтарды түрлерін талдау нәтижесімен келесілер анықталды:

Мемлекеттік қызметшілердің қызметін жылдық бағалауға қатысты

Талдаумен бұзушылықтардың ең көп саны Ақтөбе (615) және Алматы (161) облыстарында анықталған.

Анықтама: Қостанай облысы – 48, Батыс Қазақстан – 26, Қарағанды – 16, Астана қаласы – 11, Жамбыл - 3,  Атырау – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1. Қалған аймақтарда осыған ұқсас бұзушылықтар орын алмаған.

Мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасудың конкурстық тәртібін бұзушылыққа қатысты

Әкімшілік бос лауазымға орналасудың конкурстық тәртібінің 448 бұзушылығы анықталды (Павлодар облысында - 123, Кызылорда - 70, Акмола - 63, Актюбе - 51,  Батыс Қазақстан - 30,  Шығыс Қазақстан - 25, Астана қаласы - 24, Карағанды облысы - 19, Костанай - 14, Маңғыстау - 8, Жамбыл - 7, Атырау - 4, Оңтүстік Қазақстан - 2, Алматы облысы мен Алматы қаласында 1 фактіден. Солтүстік Қазақстан облысында осындай бұзушылықтар анықталмады. Агенттікпен 6 бұзушылық анықталды).

Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауға қатысты Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау кезінде бұзушылықтар көбінесе Агенттіктің Ақтюбе (95), Карағанды (70) және Батыс Қазақстан (68) облыстары бойынша департаменттерімен анықталған. Қостанай және Алматы обласы бойынша департаменттерімен тиісінше 8 және 1 бұзушылықтар анықталып, басқа департаменттермен осы бағыт бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Артық жұмыс істегені үшін өтемақы беру бойынша

Бұзушылықтар тек Павлодар (153) және Атырау (48) облыстарында орын алған.

Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауапкершілік қолдану тәртібі бұзушылықтарына қатысты

Тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі бұзушылықтарының ең көп саны Ақмола (34), Батыс Қазақстан (28), Қарағанды (27) және Қостанай (21) облыстарында анықталған.

Анықтама: Жамбыл облысында (13), Алматы (9), Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында (6-дан), Қызылорда (5), Павлодар және Оңтүстік Қазақстан (4-ден), Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында (3-ден), Астана қаласында (2). Алматы қаласында мұндай бұзушылықтар жоқ.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтамауына қатысты

Есептік кезеңде қызметтік әдеп нормалары Шығыс Қазақстан  – 29, Солтүстік Қазақстан - 20, Қарағанды – 19, Атырау – 14, Ақтөбе – 11, Павлодар – 10, Ақмола – 9, Батыс Қазақстан – 7, Алматы областарының және Астана қаласының - 6, Қостанай – 5, Маңғыстау – 3, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының – 2 қызметшілерімен жиі бұзылған. Орталық мемлекеттік органның қызметшісімен 1 рет Әдеп кодексінің талаптары бұзылды.

Алматы қаласында және Қызылорда облысында қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығына жол берілмеді.

Тексеру қорытындылары бойынша енгізілген ұсынулар мен ұсыныстарға қатысты

Есептік кезеңде тексеру қорытындылары бойынша заңнаманы бұзушылықпен қабылданған шешімдердің күшін жою туралы мемлекеттік органдарға 160 ұсынулар мен ұсыныстар енгізіліп, оның 146-ы (91,3%) орындалды, оның ішінде заңсыз қабылданған 15 актінің күші жойылды (тәртіптік жауапкершілік тағайындау бойынша – 7, конкурс өткізу ережесін бұзылуы бойынша 4 бұйрық, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу бойынша 1 акт, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзге де 3 актісінің күші жойылды) және мемлекеттік органның 15 шешімі (конкурстық комиссияның 11 шешімінің, тәртіптік комиссияның 1 және де өзге 3 шешімнің ) күші жойылды.

Қалған 14 ұсынулар мен ұсыныстардың орындалуы келесі тоқсанда жопарлануда.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорылққа қарсы іс-қимыл органдарына өз құқықтарын қорғау бойынша 157 азамат жүгінген. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 97 өтініш иелерінің құқықтары қалпына келтірілді (61,7% ), ол Агенттіктің Стратегиялық жоспарында бекітілген көрсеткіштен (46%) жоғары.

Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің қабылдаған шараларының қорытындылары бойынша 174 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде, қызметтік лауазымынан төмендетілгендер – 2, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 7, қатаң сөгіс – 18, сөгіс – 62, ескерту берілгендер – 85),  оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін 2 мемлекеттік қызметші қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылсақызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 37 қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды (2 қызметтік лауазымынан төмендетілді, 5 қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 2 қатаң сөгіс, 16 сөгіс, 12 ескерту түріндегі жаза қолданылды).  

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА