2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 98 499 бірлікті құрады.

Саяси мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 436 бірлік, әкімшілік – 98 063 бірлік, оның ішінде «А» корпусы – 279 бірлік, «Б» корпусы – 97 784 бірлік.

Мемлекеттік қызметшілердің штат саны:

Орталық мемлекеттік органдарда52 409 бірлік, оның ішінде: орталық аппараттарда – 10 233 бірлік (саяси – 326, «А» корпусы  – 63, «Б» корпусы – 9 844); аумақтық бөлімшелерде «Б» корпусы – 42 176 бірлік.

Жергілікті атқарушы органдарда46 090 бірлік (саяси – 110, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусы – 216, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусы – 45 764), оның ішінде мәслихаттарда  – 1 100 штат бірлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында 654 бірлік.

Жалпы, республикада 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 91 830 адамды немесе штат санының 93,2 % құрады.

Оның ішінде:

мемлекеттік саяси қызметшілер – 428 немесе олардың штат санының 98,2 %;

әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусы – 267 немесе олардың штат санының 95,7 %;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің «Б» корпусы – 91 135 немесе олардың штат санының 93,2 %.

Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны:

Орталық мемлекеттік органдарда 48 735 адамды құрады, олардың ішінде: орталық аппараттарда – 9 397 адам (саяси – 319, «А» корпусы  – 57, «Б» корпусы – 9 021); аумақтық бөлімшелерде «Б» корпусы – 39 338 адам.

Жергілікті атқарушы органдарда43 095 адам (саяси – 109, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусы – 210, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусы – 42 776), оның ішінде мәслихаттарда 1 051 адам және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында 584 адам.

Әйелдер саны50 491 немесе мемлекеттік қызметшілерінің нақты санының 55 %, оның ішінде басшылық лауазымдарда – 39,5 % (9 569 бірлік 24 209-дан).

Мемлекеттік саяси қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі – 9,3 %, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «А» корпусы – 4,1 %, «Б» корпусы – 55,3 %.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы38,6 жыл, бұл ретте саяси мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 47,3 жыл, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусы – 47,8 жыл,

«Б» корпусы – 38,5 жыл.

Мемлекеттік қызметшілердің жас құрамы бойынша саны: 23 жасқа дейін – 1 305 адам (1,4 %), 23-тен 30 жасқа дейін – 22 296 (24,3 %), 30-дан 40 жасқа дейін – 29 655 (32,3 %), 40-тан 50 жасқа дейін – 19 842 (21,6 %), 50 жас және одан жоғары – 18 732 адам (20,4 %).

Мемлекеттік қызметте орташа өтілі10,3 жыл, бұл ретте саяси мемлекеттік қызметшілердің орташа өтілі – 18,5 жыл, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа өтілі – 17,1 жыл, «Б» корпусы - 10,2 жыл.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі бөлінісінде қызметкерлердің саны:

1 жылға дейін - 9 360 (10,2 %);

1-ден 2 жылға дейін – 6 555 (7,1 %);

2-ден 3 жылға дейін – 6 511 (7,1 %);

3-тен 5 жылға дейін – 9 182 (10 %);

5-тен 7 жылға дейін – 7 262 (7,9 %);

7-ден 9 жылға дейін – 7 803 (8,5 %);

9-дан 11 жылға дейін – 7 358 (8 %);

11-ден 14 жылға дейін – 10 152 (11,1%);

14-тен 17 жылға дейін – 8 411 (9,2 %);

17-ден 20 жылға дейін – 6 093 (6,6 %);

20 жылдан жоғары – 13 143 (14,3 %).

 

Атқаратын лауазымда орташа өтілі3,5 жыл, саяси мемлекеттік қызметшілерде – 2,7 жыл, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінде – 2 жыл, «Б» корпусы қызметшілерінде – 3,5 жыл.

Атқаратын лауазымда орташа өтілі бойынша қызметкерлердің саны:

1 жылдан кем – 27 122 (29,5 %);

1-ден 2 жылға дейін – 16 748 (18,3 %);

2-ден 4 жылға дейін – 21 873 (23,8 %);

4-тен 6 жылға дейін – 10 129 (11 %);

6-дан 8 жылға дейін – 5 401 (5,9 %);

8-ден 10 жылға дейін – 3 793 (4,1 %);

10-нан 12 жылға дейін – 2 621 (2,9 %);

12-ден 15 жылға дейін – 2 219 (2,4 %);

15 жыл және одан жоғары – 1 924 (2,1 %).

 

Мемлекеттік қызметтің сапалық құрамы келесі параметрлермен сипатталады.

Мемлекеттік қызметшілер жалпы санынан 91,8% немесе 84 310 адамда жоғары білімі бар.

Орта және орта кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 8,2 % немесе 7 520 адам.

Мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі экономика және бизнес (31 638 немесе жоғары білімі бар  мемлекеттік қызметшілер жалпы санынан 37,5 %), құқық (21 307 немесе 25,3 %), техникалық ғылымдар және технологиялар (7 836 немесе 9,3 %) және білім (6 343 немесе 7,5%) саласында білімі бар. Сонымен қатар, 15 614 (17 %) мемлекеттік қызметшіде бірден артық жоғары білімі, 4 231-де (4,6 %) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының 740 түлегі және «Болашақ» бағдарламасының 505 түлегі жұмыс істейді.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА