2018 жылдың жартжылдығы бойынша ақпарат

Мемлекет Басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру аясында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығымен бекітілді) 2009 жылы «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңдары қабылданды, олар гендерлік теңдікке қол жеткізуге жалпы мемлекеттік тәсілдің даму катализаторының қызметін атқарды.

2017-ші жылдан бастап 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру басталды. Басқарушы лауазымдарда (биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда) әйелдердің 30% өкілдігін қамтамасыз ету оның міндеттерінің бірі болып табылады.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әйелдердің үлесі мемлекеттік қызметшілерінің нақты санының 55 % (91 830-дан 50 491)құрайды.

Басқарушы лауазымдарда жұмыс істейтін тұлғалардың арасында әйелдердің үлесі – 39,5 % (24 209-дан 9 569).

2017 жылы «Б» корпусының 40 654 әкімшілік лауазымдарына орналасуға өткізілген конкурстарға 47 601 үміткер қатысты, оның ішінде әйелдер – 23 175 немесе жалпы қатысқандар санының 48,7 %.

Конкурс нәтижесінде тағайындалған әйелдердің үлесі 48,3 % (22 103-тен 10 673).

Бұл ретте, «Б» корпусының басқарушы лауазымдарына 7 252 үміткердің34,1 %-н (2 476) әйелдер құрады.

Конкурс нәтижесінде басқарушы лауазымдарға тағайындалған тұлғалардың арасынан әйелдердің үлесі 33,9 % (4 907-ден 1 665).

Осы көрсеткішті бұдан әрі жоғарылату бойынша жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Агенттік конкурс рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда, бұл мемлекеттік қызметке кіруге тең мүмкіндік құрудың маңызды шарты болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес(Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы), әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді, бұл ретте үміткерлер де жазба құралдарын қолдана алады.

Байқаушылардың, сондай-ақ тағайындалған қызметшілердің мемлекеттік органдардың басшыларымен үлестестігініңмониторингі жүргізілуде (туыстық қатынастың бар болуы, бұрынғы орындардағы бірлескен жұмыс, байқаушылардың бір мемлекеттік органның конкурстарында үнемі қатысуы және т.б.).

Үміткерлерден конкурс комиссиясының шешіміне шағым түскен жағдайда Агенттікіріктеуді өткізу кезінде заңнаманың сақталуына байланысты тексеріс тағайындайды.

Мемлекеттік қызметтегі меритократияның маңызды элементі болыпоқуға тең қол жеткізу мүмкіндігі табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқу жоспарына «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі гендерлік аспектілер» пәні енгізілді. Оның тыңдаушылары «Б» корпусының басқарушы лауазымына алғаш рет тағайындалған қызметшілер болып табылады.

Мемлекеттік қызметте әлеуметтік қорғау шаралары қолданылуда.

Мысалы, ағымдағы жылы аттестаттаудан өтуден жүктілік пен босануға және бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметшілер, жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдар босатылды.

Жалпы, ел бойынша мемлекеттік қызметте гендерлік балансты қамтамасыз ету бойынша елеулі ілгерілеу байқалуда.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА