2018 жылдың 1-жартыжылдығында келіп түскен өтініштер бойынша талдау

2018 жылдың І жартыжылдығында Агенттікке және оның аумақтық департаменттеріне 5276 өтініштер келіп түсті, оның ішінде 1517-і (30%) Орталық аппаратқа тиесілі. Барлық өтініштердің 3328-і (63%) Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментіне және аумақтық департаменттердегі құрылымдық бөлімшелеріне түскен. Оларды қарау нәтижесімен:

  • Мемлекеттік қызмет заңнамасына түсіндірме берілді – 1011;
  • Тексерістер жүргізілді – 464;
  • Құзыреттілігі бойынша жолданды – 1239;
  • Қарау тоқтатылды – 253.

Құзырет шегінде қаралған 1475 өтініштердің 309-ы (30%) расталып, өз дәлелін тапқан өтініштер.

Барлығы 210 тұлғалардың құқықтары қалпына келтірілді (2017 жылы – 340).

Мысалы, Павлодар облысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ш.-ның жалақысынан жеке табыс салығы ретінде жалпы сомасы 477 460 теңге заңсыз ұсталған. Бұл арада, бас маман Ш. бала кезінен мүгедек-баланың анасы болғандықтан мұндай төлемнен босатылғандығы ескерілмеген. Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментінің ұсынымы негізінде азаматша Ш.-ға көрсетілген сома қайтарылып, бөлім басшысының орынбасары және бас маманы тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Басқа жағдайда, Шығыс Қазақстан облысында бос мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидат А.-ға қатысты бас маман лауазымына бекітілген талаптарға сәйкес еместігі жөнінде негізсіз шешім шығарылып, конкурсқа өткізілмеген. Тексеріс нәтижесімен конкурстың күшін жою және әкімшілік секторы меңгерушісін «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту арқылы азамат А.-ның құқығы қалпына келтірілді.

 

Талдаумен, азаматтардың негізінен келесідей бұзушылықтар бойынша жүгінетіндері анықталды:

  • Жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамау – 296 өтініштер, оның ішінде расталғаны – 56 (2017 жылы – 120);
  • Өтініштерді қарау тәртібінің бұзылуы – 244, оның ішінде расталғаны – 115 (2017 жылы – 111);
  • Қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы – 154, оның ішінде расталғаны – 63 (2017 жылы – 114);
  • Іскерлік әдепті және ресми мінез-құлықты сақтамау, дөрекілік, – 74, оның ішінде расталғаны – 22 (2017 жылы – 64);
  • Тәртіптік жаза қолдану ережелерінің бұзылуы – 51, оның ішінде расталғаны – 17 (2017 жылы – 37);
  • Аттестация өткізу ережелерінің бұзылуы – 5, оның ішінде расталғаны – 2 (2017 жылы – 20);
  • Заңсыз жұмыстан босату – 8, оның ішінде расталғаны – 2                      (2017 жылы –16).

 

Сонымен бірге, өтініштерді қарау тәртібіне қатысты расталған шағымдар үлесінің артуы байқалады.

         Есептік кезеңде өтініштерді қарау тәртібінің жиі бұзылуы Оңтүстік Қазақстан облысында – 33 (2017 жылы – 12), Солтүстік Қазақстан облысында – 18 (2017 жылы – 26), Алматы облысында – 18 (2017 жылы – 6) анықталды.

 

Бұдан басқа, қызметтік әдеп нормалары әлі де Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында сақталмайтындығы атап өту қажет (7-еуден).

Мысалы, Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Хазрет ауылдық округінің әкімі Д. қызметтік автокөлікті және Мәдениет үйінің балансындағы көмірді жеке мақсатта пайдалануы арқылы Әдеп кодексінің талаптарын бұзғандығы жөніндегі азамат А.-ның шағымы түсті. Тексеріс қорытындысымен, шағымдағы фактілер өз дәлелін тауып, ауыл әкімі «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Сондай-ақ, осы жылы Әдеп кодексін жиі бұзатындардың қатарына Астана қаласының және Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері де қосылды (6-аудан).

Мысал ретінде, Атырау қаласының Геолог ауылдық округінің жетекші маманы М. тұрғындармен қарым-қатынаста дөрекілікке жол берген. Әдеп кодексі талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметшіге «сөгіс» тәртіптік шарасы қолданылды.

 

Есептік кезеңде, мемлекеттік қызметшілерден 24 өтініштер келіп түсті (2017 жылы – 56), оның ішінде:

  • Іскерлік әдепті және басшылар мен әріптестердің ресми мінез-құлық ережелерін  сақтамауы – 18, оның ішінде расталғаны – 6 (2017 жылы – 14);
  • Қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болу, сынағаны үшін қудалауға жол беру – 1, оның ішінде расталғаны  – 1 (2017 жылы – 1);
  • Қызметтік әдептің басқа да бұзушылықтары – 5, оның ішінде расталғаны – 3 (2017 жылы – 6).

 

Мысалы, Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) бас маманы К. және аудан әкімі орынбасары К.-нің өтінішітері негізінде, Бөлім басшысы Д.-ның Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғалды. Дөрекілік көрсеткені және Әдеп кодексін жүйелі түрде бұзғаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес бірауыздан Д.-ны лауазымынан босату туралы шешім қабылдады.

Басқа жағдайда, қызметкерлеріне қатысты дөрекілік пен орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бергені үшін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі С.-ке «сөгіс» тәртіптік жазасы қолданылды.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА