2018 жыл бойынша ақпарат

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әйелдердің үлесі мемлекеттік қызметшілерінің нақты санының 55,4 % (90 932-ден 50 331) құрайды, оның ішінде саяси қызметшілердің арасында – 11,7 %, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің арасында – 3,3 %, «Б» корпусы – 55,7 %.

Басқарушы лауазымдарда жұмыс істейтін тұлғалардың арасында әйелдердің үлесі – 39,8 % (24 433-тен 9 727).

Әйелдердің лауазымдар бойынша ұсынылуы: өңір әкімдерінің орынбасарлары - 10,7 % (84-тен 9); қала және аудан әкімдері – 1,5 % (200-ден 3); орталық мемлекеттік органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен департаменттерінің директорлары - 30,4% (293-тен 89); орталық мемлекеттік органдардың аумақтың бөлімшелерінің басшылары - 14,2 % (352-ден 50); облыстық басқармалардың басшылары – 17,6 % (376-дан 66); қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары - 15,4 % (590-нан 91).

2018 жылы «Б» корпусының 43 781 әкімшілік лауазымдарына орналасуға өткізілген конкурстарға 51 486 үміткер қатысты, оның ішінде әйелдер – 24 765 немесе жалпы қатысқандар санының 48,1 %. Конкурс нәтижесінде тағайындалған әйелдердің үлесі 48 % (23 761-ден 11 402).

Бұл ретте, «Б» корпусының басқарушы лауазымдарына 8 367 үміткердің 35,1 %-н (2 940) әйелдер құрады.

Конкурс нәтижесінде басқарушы лауазымдарға тағайындалған тұлғалардың арасынан әйелдердің үлесі 34,9 % (5 634-тен 1 964), соның ішінде:

Орталық мемлекеттік органдар – 37,8 % (2 251-ден 852), олардаң ішінде:

  • орталық аппараттар – 35,9 % (616-дан 221);
  • аумақтық бөлімшелер –  38,6 % (1 635-тен 631).

Жергілікті атқарушы органдар – 32,9 % (3 383-тен 1112), олардаң ішінде:

  • облыстық деңгейде – 33,5 % (1 189-дан 398);
  • аудандық (қалалық) деңгейде – 33,3 % (1 974-тен 658);
  • ауылдық деңгейде – 25,5 % (220-дан 56).
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА