2017 жылғы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының сақталуына тексеру нәтижелері туралы ақпарат

2017 жылда мемлекеттік қызмет туралы және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселесі бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда 1202 тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 18363 мемлекеттік қызмет туралы және қызметтік әдепті бұзылу фактілері анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы санынан 6389 – мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жұмысын бағалау, 1558 – конкурс өткізудің қағидаларының талаптары, 1264 – тәртіптік жаза қолдану қағидалары,  815 – сынақ мерзімінен өтудің шарттарын және 8337 – басқа да мемлекеттiк қызмет және қызметтің әдеп саласындағы заңнама талаптарының бұзылуымен байланысты болған.

Тексеру қорытындылары бойынша, барлығы 789 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 9 - атқаратын лауазымынан босатылды, 2 – лауазымынан төмендетілді, 56 - қызметіне толық сәйкес еместiгi туралы ескертілді, 55 – қатаң сөгіс, 207 – сөгіс,  460 – ескерту түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.

Анықталған бұзушылықтардың 4335 жойылды (жоюға келетіндердің ішінен), 165 заңсыз бұйрықтар бұзылды.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА