2017 жылғы 9 айында сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы тексеріс іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат

Сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы тексеріс

іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат

 

Агенттікпен және оның аумақтық бөлімшелерімен 2017 жылдың 9 айында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда 771 тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 355 мыңнан астам бұзушылықтар анықталды.

Жиі кездесетін бұзушылықтарға:

- стандарттармен айқындалмаған құжаттарды сұрату немесе ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған құжаттарды талап ету – 181 мың (немесе 48%);

- толық құжаттар топтамасы болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету – 121 мың (немесе 34%);

- мемлекеттік қызметтер көрсету бизнес-процессін сақтамау – 32 мың (немесе 9%);

- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін сақтамау – 2,8 мың (немесе 0,7%) фактілері жатады.

Мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағыныстағы мекемелердің 470 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша рұқсат құжаттарды беруде мерзімін бұзу, сондай-ақ дәлелсіз бас тарту бойынша 127 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамалары толтырылды.

Мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 6 758 930 тенге өндірілді.

Талдау кезеңінде Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне  468 өтініш келіп түсті (Агенттікке – 121, аумақтық бөлімшелерге – 347), оның ішінде 347 өтініш қаралды (жалпы түскен шағымдар санынан 74%).

Шағымдар көбінесе жер қатынастары (25%), тұрғын үй қатынастары (8%), сондай-ақ әлеуметтік салаларына (8%) жиі кездесетіндігі анықталды.

75% жағдайында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА