2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ақпарат

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған және 15 қадамнан тұрады.

1-қадамды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі енгізілді. Онда мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі жаңартылды.

Енді жұмыс тәжірибесі жоқ мемлекеттік қызметке алғаш түсетін үміткерлер кәсіби қызметін жалпы конкурс бойынша төменгі лауазымдардан бастайды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтің алғашқы баспалдақтарына 5456 азамат қабылданды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда – 2988, орталық мемлекеттік органдарда – 2468.

2-қадамды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметке іскерлік қасиеттер негізінде қабылдау заң жүзінде бекітілді.

Ол үшін жеке қасиеттерін бағалаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Ағымдағы жылы жеке қасиеттерін бағалаудан 14975 адам өтті.

3-қадамды жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді: Мемлекеттік қызметке кіру үшін үміткерлер заңнаманы білуге арналған тестілеуден, жеке қасиеттерді бағалаудан және бейінді білімдер бойынша мемлекеттік органда әңгімелесуден өтеді.

Бірінші сатыда – заңнаманы білуге тестілеуге 33000 адам қатысты, олардың ішінде 45,9% (15140 адам) оң баға алды.

Мемлекеттік органдар 15781 әңгімелесу өткізді, олардың қорытындысы бойынша 13436 адам тағайындалды.

4-қадамды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметке алғаш рет кіргендерге тәлімгерді бекіту және жеке бейімделу жоспарын құрумен 3+3 формуласы бойынша сынақ мерзімін тағайындаудың міндетті талабы енгізілді.

«3+3» формуласы бойынша 2226 мемлекеттік қызметші сынақ мерзімінен өтіп жатыр. 52 мемлекеттік қызметші үшін сынақ мерзімі 6 айға дейін ұзартылды, 1 адам жұмыстан босатылды.

5 және 6-қадамдарды орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігімен бірге Факторлық-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінен оның айырмашылығы атқарып отырған лауазымға байланыссыз болуында. Жалақының көлемі орындалатын мәселелердің күрделілігіне байланысты және референтті еңбек нарығына салыстырмалы қалыптасады.

Бұл ретте, ұсынылатын жүйе орталық және өңірлер арасындағы, әсіресе атқарушы лауазымдардағы диспропорцияларды едәуір төмендетеді.

2018 жылы екі мемлекеттік органның мысалында оны апробациялау жоспарланған.

Оның қорытындысы бойынша осы еңбекақы төлеу жүйесін басқа мемлекеттік органдарда қолдану мәселесі қаралатын болады.

7-қадамды жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосуды қарастырады, оларды әзірлеуші орган Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

8-қадамды жүзеге асыру мақсатында Заңда ротацияланатын мемлекеттік қызметшілерді жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету нормасы қарастырылған.

Ротация тәртібімен «А» корпусының - 20,  «Б» корпусының 15 қызметшісі тағайындалды.

9-қадамды орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуын жүйелеу мақсатында оларды үш жылда бір реттен кем емес мерзімде оқыту Заңмен бекітілді.

жылдың маусымында Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру мақсатында ағымдағы облыстарында Академияның филиалдары құрылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 14 қыркүйектегі

№ 559 қаулысымен республиканың қалған өңірлерінде филиалдарды құру қарастырылған.

Өткен кезеңнің ішінде әр түрлі деңгейдегі біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан 15290 мемлекеттік қызметші өтті.

10-қадамды орындау аясында мемлекеттік қызметшілерді мансаптық жоғарылату жарыспалылық қағидаттырын сақтау және төменгі лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болған жағдайда ішкі конкурс бойынша жүзеге асырылады.

Бұл меритократия қағидатын нығайтуға мүмкіндік берді.

14195 аяқталған ішкі конкурс нәтижелері бойынша 6147 мемлекеттік қызметші тағайындалды, олардың ішінде 3377 (54,9%) төмен тұрған лауазымнан жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.

11-қадамды жүзеге асыру үшін Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі негізінде шетелдік менеджерлерді мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау мүмкіндігі енгізілді.

Жеке меншік сектордың мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан азаматтарын жалпы конкурс бойынша қабылдаудың құқықтық негізі жасалды.

12-қадамды жүзеге асыру мақсатында Президент Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын регламенттейтін жаңа Әдеп кодексі бекітілді.

Барлық орталық мемлекеттік органдарда және облыстық әкімдіктерде әдеп жөніндегі уәкілдер белгіленді.

Әдеп жөніндегі уәкілдерге жыл басынан бастап оларға 578 мемлекеттік қызметші мен азамат жүгінген оның ішінде орталық мемлекеттік

органдарда – 112, жергілікті атқарушы органдарда – 466 адам.  

Олармен сыбайлас жемқорлық заңнамасын және Әдеп кодексін түсіндіру бойынша 1200 семинар мен дөңгелек үстел өткізілді, соның ішінде орталық мемлекеттік органдарда – 811, жергілікті атқарушы органдарда 389. Жалпы БАҚ-та 987 басылым мен телесюжет орналастырылды.

 

 

13-қадамды орындау аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды, ол квазимемлекеттік секторға да таралады.

Агенттіктің құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті құрылды, оның жұмысының негізгі бағыттары:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;
  •  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Ұлттық бюро құрылды.

14-қадамға сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де таралады.

Енді құқық қорғау органдарына үміткерлер мемлекеттік қызметшілер сияқты Агенттікте тестілеуден өтеді (заңнаманы білуге арналған және жеке қасиеттерін бағалау).

Заңнаманы білуге тестілеуге құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін 23010 азамат қатысып, олардың ішінде 41,4% (9523 адам) оң баға алды.

Жеке қасиеттерді бағалаудан 9345 адам өтті.

15-қадамды жүзеге асыру шеңберінде «Б» корпусының қызметшілері  аттестаттаудан өткізілді, ол кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған бірінші институционалдық реформының логикалық жалғасы болды.

Барлық кезең бойынша аттестаттаудан 65778 қызметші өтті.

Аттестаттаудың қорытындысы бойынша 4773 (7,3%) адам лауазымын жоғарылатуға ұсынылды, 60140 (91,4%) атқаратын лауазымына сай келеді,

726 (1,1%) лауазымын төмендетуге, 139 (0,2%) қызметтен шығаруға ұсынылды.

2017 жылдың соңына дейін аттестаттаудан дәлелді себептерге (оқу демалысында, еңбекақысы сақталмайтын демалыста немесе науқастануы салдарынан жұмыста болмау) байланысты өтпеген 920 қызметші өтеді.

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА