2016 жыл бойынша ақпарат

Мемлекет Басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру аясында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығымен бекітілді) 2009 жылы «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңдары қабылданды, олар гендерлік теңдікке қол жеткізуге жалпы мемлекеттік тәсілдің даму катализаторының қызметін атқарды.

2017-ші жылдан бастап 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру басталды. Басқарушы лауазымдарда (биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда) әйелдердің 30% өкілдігін қамтамасыз ету оның міндеттерінің бірі болып табылады.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әр-түрлі деңгейдегі 24 мыңға жуық (24166) басшылардың 9,5 мыңнан астамы (9511) немесе 39,8% – әйелдер (2013 жылы – 9 071 не 38,9%, 2014 жылы – 9 268 не 39%, 2015 жылы – 9 329 не 39,4%).

Ел бойынша мемлекеттік қызметшілердің арасында әйелдердің жалпы үлесі олардың нақты санының 55,5% құрады (92203-тен 51151), бұл өткен жылдың көрсеткішінен жалпы (91330-дан 50219) және салыстырмалы (55%) мәндерде жоғары.

Осы көрсеткішті бұдан әрі жоғарылату бойынша жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Агенттік конкурс рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда, бұл мемлекеттік қызметке кіруге тең мүмкіндік құрудың маңызды шарты болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес (Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы), әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді, бұл ретте үміткерлер де жазба құралдарын қолдана алады.

Байқаушылардың, сондай-ақ тағайындалған қызметшілердің мемлекеттік органдардың басшыларымен үлестестігінің мониторингі жүргізілуде (туыстық қатынастың бар болуы, бұрынғы орындардағы бірлескен жұмыс, байқаушылардың бір мемлекеттік органның конкурстарында үнемі қатысуы және т.б.).

Үміткерлерден конкурс комиссиясының шешіміне шағым түскен жағдайда Агенттік іріктеуді өткізу кезінде заңнаманың сақталуына байланысты тексеріс тағайындайды.

Мемлекеттік қызметтегі меритократияның маңызды элементі болып оқуға тең қол жеткізу мүмкіндігі табылады.

Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқу жоспарына «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі гендерлік аспектілер» пәні енгізілді. Оның тыңдаушылары «Б» корпусының басқарушы лауазымына алғаш рет тағайындалған қызметшілер болып табылады.

Мемлекеттік қызметте әлеуметтік қорғау шаралары қолданылуда.

Мысалы, ағымдағы жылы аттестаттаудан өтуден жүктілік пен босануға және бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметшілер (5195 немесе босталғандардың 20,9%), жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдар (10476 немесе 42%) босатылды.

Жалпы, ел бойынша мемлекеттік қызметте гендерлік балансты қамтамасыз ету бойынша елеулі ілгерілеу байқалуда.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА