Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне байланысты көшпелі Қоғамдық кеңес отырысының Хаттамасы

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне байланысты көшпелі Қоғамдық кеңес отырысының Хаттамасы

 

Павлодар, Екібастұз қалалары                   № 4                                  2019 жылғы 28-29 наурыз

 

 

Төрағалық етушы: С.З.Канаев

 

Қатысқандар:

Қоғамдық кеңестің мүшелері: С.Қ.Ахметжанов, М.Х.Жақыпов, Қ.С.Нұртазин, Пепенин А.С., Судьин А.С., Т.С. Сулейменов, Ж.З. Калабаев.

 

Шақырылғандар:

Павлодар облысы бойынша Агенттік департаментінің басшысы А.К.Мукашев, Павлодарской облысы әкімі аппаратының басшысы А.К. Амирин, Екібастұз қаласының әкімі Н.К.Ашимбетов, Павлодар облысы және Екібастұз  қаласы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, облыс тұрғындары, қоғам өкілдері, БАҚ

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптары негізінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) келесідей шешім қабылдады принято следующее:

1. Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметі, сондай-ақ, қоғамның мемлекеттік аппаратқа сенімділігін арттыру

(Канаев, Ахметжанов, Мукашев, Амирин, Жакыпов, Нуртазин, Пепенин, Судьин, Сулейменов, Акильжанова, Айтбаев)

1.1. Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы А.К.Мукашевтың, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы А.К.Амириннің, Павлодар облысы Кардиохирургиялық клиникасының бас дәрігері С.Х.Акильжанованың, Жастар белсенділігін дамыту орталығының басшысы Т.Ж.Айтбаеваның ақпараттары назарға алынсын.

1.2.  Павлодар облысы әкімінің аппараты, Павлодар облысы бойынша  агенттік департаментіне ұсынымдар:

1) сыбайлас жемқорлық қаупінің сыртқы талдамасын жүргізу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;

2) сыбайлас жемқорлық қаупінің сыртқы талдамасының ұсынымдарын орындау бойынша ісшаралар қабылдау;

3) әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурста онлайн режимін қолдану;

4) мектепке дейінгі мекемелерде орын берудің кезегін сақтау үшін мониторинг жүргізу;

5) бюджет қаржысынан өткізілетін имидждік ісшаралардың санын қысқарту;

6) мемлекеттік органдарда әкімшілік шығыстарды қысқартуды ойластыру, ұжымда қолдануға берілген мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау мен коммуналдық шығындарды азайту мәселелері бойынша түсініктеме жұмыстар жүргізу;

7)  «Сыбайлас жемқорлықсыз аймақтар» жобалық офисі аясында облыс орталықтары мен аудандарынан шетте орналасқан ауылдық округтерде жұмыстар жүргізу;

8) мемлекеттік қызметке кадрларды дайындауды жалғастыру мақсатында мектептің жоғары сыныптарында насихаттау жұмыстарын жүргізу;

9) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізу, соның ішінде электронды түрдегі мемлекеттік қызметтің санын көбейту.

10) «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан мекендерге көңіл аудару, сонымен қатар сапалы ғаламтор байланыстарын орнату;

11) жергілікті халық арасында электронды мемлекеттік  қызмет алу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Павлодар облысының әкімінің аппараты ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты Агенттіктің департаментіне 1 шілдеге дейін беруі тиіс.

2. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы рөлі О роли государственных служащих в реализации государственных программ

(Канаев, Амирин, Ахметжанов, Жакыпов, Нуртазин, Пепенин, Судьин,  Сулейменов, Мукашев, Ашимбетов)

2.1. Екібастұз қаласы әкімі Н.К. Ашимбетовтің, Екібастұз қаласы әкімі орынбасары   Нефедова Н.В-ның, қалалық соттың төрағасы  К.С.Байгоншекованың, Екібастұз қаласындағы «Солнечный» ауылы №2 емхананың бас дәрігері Е.К.Капасованың,  №16 орта мектебінің директоры А.М.Аубакированың ақпараттары назарға алынсын.

2.2. Екібастұз қаласы әкімінің аппаратына ұсынымдар:

1) «Солнечный» ауылының жас мамандарын баспанамен қамту мәселесі қарастырылсын;

2) ауыл әкімдері жергілікті халықпен кездесіп, бюджет мәселесін талқыласын, шығыстарды жоспарлау және тағы да мәселелер талқылансын;

3) әкімшілік шығындарды үнемдеу мақсатында, 30 маусымға дейін Мемкорпорациямен бір ғимаратта көші-қон Цон-ы мен Арнайы Цон орналастырылсын.

2.3. Павлодар облысының әкім аппаратына, Павлодар облысы бойынша агенттіктің департаментіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды болдырмау үшін мемлекеттік қызмет көрсетуде ауқымды құжаттарды жинақтауды тоқтату қажеттігі ұсынылды.

 Павлодар облысының әкімінің аппараты ұсынымдар бойынша ақпаратты  Павлодар облысы бойынша агенттіктің департаментіне а.ж. 1 шілдесіне дейін берілсін.

Павлодар облысы бойынша агенттіктің департаменті орындалған шаралар туралы жинақталған ақпаратты Кеңеске 12 шілдеге дейін ұсынсын. 

3. Хаттаманың орындалуы Кеңес хатшысы  Ж.З. Калабаевқа жүктеледі

 

 

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                                                 С. Канаев

 

Қоғамдық кеңестің хатшысы                                                                 Ж. Калабаев

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА