Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне байланысты Қоғамдық кеңес отырысының Хаттамасы

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне байланысты Қоғамдық кеңес отырысының Хаттамасы

 

Астана қаласы                                        № 2                                           2019 жылғы 7 ақпан

 

 

Төрағалық етушы: С.З.Канаев

 

Қатысқандар:

Қоғамдық кеңестің мүшелері: С.Қ.Ахметжанов, Коломийцев В.И., Пепенин А.С., Судьин А.С., Т.С. Сулейменов, Ж.З. Калабаев.

 

Шақырылғандар: Агенттік төрағасы А.Ж.Шпекбаев, Агенттік төрағасының орынбасарлары А.А.Шаимова, О.А.Бектенов, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Н.Жакыпова, «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бойынша Ұлттық орталық» АҚ-ның бас директоры Б.Г.Нургазиева, Ұлттық бюро мен Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері.

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының Қоғамдық кеңес алдында органдардың мемлекеттік қызме,т және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша есебі туралы (Канаев, Шпекбаев, Ахметжанов, Коломийцев, Пепенин, Судьин, Сулейменов, Калабаев)

1.1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың Қоғамдық кеңес алдында органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша есебін назарға алу.

1.2.Агенттіктің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетістікті қызметін атап өту.

1.3  Қоғамдық кеңес төрағасы С.З.Канаевтың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қосымша баяндамасын назарға алу.

Кеңес 2018 жылға жұмыс жоспарын бекіткен, жоспарға сай барлық жұмыстарды Кеңес жүргізген. Кеңес 2018 жылы 11 мәжіліс, соның ішінде, Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық және жергілікті басқару органдарының өкілдері тыңдалып, ұсынымдар берілген мәжілістер де орын алған.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 4 қазанда Қарағанды қаласында, 2018 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында қоғам өкілдерінің, белсенділерінің, Агенттік пен Ұлттық бюроның территориялық құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен көшпелі мәжілістер өткізілді.  

Кеңес мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуге бағытталған 91 ұсыным берді.

Барлық Кеңес ұсынымдары ОМО мен ЖАО есептеріне сай тұтастай орындауға алынған.

Кеңес Агенттікпен бірлесіп, нормативтік құқықтық база және оны практикалық жағынан енгізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласының маңызды құқықтық қарым-қатынастар, қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, мемлекеттік қызметті өту, мемлекеттік қызметшілерді және Ұлттық бюро және т.б. мемлекеттік қызметшілерді іссапарға жіберу мәселелері реттелетін 26 нормативті-құқықтық акті келісілді. 

1.4. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының  мәселелері бойынша Кеңеспен шығарылған Резолюцияға сәйкес Агенттікке келесідей жұмыстарды жалғастыру ұсынылды:

1) мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджі туралы жұмысты халық арасында жүргізу;

2) мемлекеттік қызметшілердің моральды-этикалық нормаларды ұстануын бақылау;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингке көңіл аударту арқылы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, сондай-ақ,  квазимемлекеттік  секторда да сыбайлас жемқорлық қаупінің сыртқы талдауын жүргізу;

4) электронды қызмет көрсету және автоматтандыру бойынша;

5) азаматтық қоғам мен халықпен қарым-қатынастың бағыттарын қолдану бойынша;

6) мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын көбейту бойынша;

7) белгіленген уақыттан артық жұмыс істеуді болдырмау мақсатында, мемлекеттік органдардың еңбек заңнамасын сақтау  мониторингін жүргізу.

 

 

 

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                                                 С. Канаев

 

Қоғамдық кеңестің хатшысы                                                                 Ж. Калабаев

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА