Жаңалықтар

05.09.2019

Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Мемлекет басшысының «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске Агенттіктің орталық аппаратының, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Персоналды басқару жөніндегі ұлттық орталығының, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

02.09.2019

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.

Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткер  сайттың басты бетінде  Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты  мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

29.08.2019

Агенттікте Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2019 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Агенттік төрағасы Анар Нұралықызы Жаилғанова өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ата заң құндылығын бағалап, әр уақытта халыққа қызмет етуді басты бағдар етіп алуы тиіс екендігін атап өтті.

23.08.2019

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Маңғыстау облыстық филиалында алғаш рет цифрлық сервистер көрсетілетін болады

Бүгін 23 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында электронды қызметтерді тегін алуға мүмкіндік беретін өзіне өзі қызет көрсету бұрышы ашылды.

23.08.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа HR бойынша білім беру бағдарламаларын іске қосады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе жаңа білім беру бағдарламаларын енгізді.

Университетте а.ж. 1 қыркүйегінен бастап «Еңбек әлеуметтануы және HR басқару» және «Мемлекеттік қызмет және кадрлық қамтамасыз ету» адам ресурстарын басқару саласында жаңа бағдарламалар мамандарын даярлау  бойынша білім беруді іске қосады.

23.08.2019

Ағымдағы жылы Агенттік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша бұзушылықтар санының 35%-ға төмендеуін анықтады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен қаңтар мен шілде айлары аралығында мемлекеттік қызметтердің көрсету саласында 656 бақылау жұмыстары жүргізілді (оның ішінде, тексерілетін субъектіге бару арқылы профилактикалық тексеру – 244, азаматтардың өтініштері және мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жоспардан тыс тексеру – 412). Нәтижесінде 64,9 мыңға жуық бұзушылықтар анықталды.

20.08.2019

Меритократия қағидасы – кәсіби мамандардың кепілі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігi жұмысының басты басымдылығы, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында айтылған «Баршаға ортақ, игілік! Сабақтастық. Әділдік, Өрлеу» тұғырнамасын, «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында айтылған міндеттерді, сонымен қатар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру» алғашқы институционалдық реформасы аясындағы міндеттерді сапалы жүзеге асыру болып табылады.

19.08.2019

Ақтөбе облысында ХҚКО қызметкерлеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша оқыту өткізілді

ҚР МҚІА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік қызмет түрін көрсету бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Оқытуға ХҚКО-ның 35 маманы қатысты.

Беттер

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА