29
11/19
Повышение потенциала неправительственных организаций  в вопросах качества оказания государственных услуг
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру

Нұр-Сұлтан қаласында үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бағалау жүргізуге қатысуы мәселелеріне арналған семинар  өткізілді.

Семинар Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын жүзеге асыру тұрғысынан Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен бірлесіп Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының аясында өткізілді.

Аталған шараға Қазақстандағы парламентаризмнің даму фонды, «Қоғам пікірі» зерттеу институты, «Сандж» зерттеу орталығы, «El Tiregi» шағын және орта бизнестің Қазақстандық Қауымдастығы, «Zertteu Research Institute» қоғамдық фонды секілді кең профильді үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және өзге тұлғалар қатысты.

Диалог алаңы форматында, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін өлшеу құралы ретінде, мемлекеттік қызметтер көрсету саласына үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы бойынша мәселелер талқыланды.

Үкіметтік емес сектор үшін, БҰҰДБ ұлттық сарапшысымен таныстырылған қоғамдық мониторинг жүргізудің бірыңғай әдістемесі ерекше қызығушылық танытты.

Атап өту қажет, аталған әдістеме мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың пікірлері ескеріле отырып, Агенттіктің тапсырысы негізінде жасақталған және барлық үкіметтік емес ұйымдар қолдана алатын қоғамдық мониторинг жүргізу әдістемесі мен нысанын ашады.

МҚІА мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел әрі тиімді әрекет ететін, өмірде «Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты жақсарту бойынша нұсқамаларына назар аударды.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанова мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудағы азаматтық қоғамның маңызды рөліне және қолайлы жағдайдың болуына тоқталып өтті.

Нәтижесінде, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізудің бірыңғай жолдарын оңынан бағалады.

 

Повышение потенциала неправительственных организаций  в вопросах качества оказания государственных услуг

 


МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА