09
10/19
Анар Жаилганова обсудила вопросы сотрудничества при разработке Концепции развития госуправления с Якупом Беришем
Анар Жаилғанова Якуп Беришпен мемлекеттік басқаруды дамыту концепциясын әзірлеу кезіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (бұдан әрі - БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Берішпен кездесті.

Кездесуде тараптар мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Якуп Бериш мырзаға Стокгольм мен Копенгагенге цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы осы елдердің озық тәжірибесін зерттеу бойынша Агенттік делегациясының сапарын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіре отырып, Анар Жаилғанова швециялық және даниялық әріптестерінің проактивті қызметтерді пайдаланудың отандық тәжірибесіне танытқан ерекше қызығушылығын атап өтті.

«Қазақстандықтардың белсенді қолданатын «mGov» және «SmartAstana» мобильдік қосымшаларын көрнекі көрсету қорытындысы бойынша Данияның Цифрландыру және жергілікті өзін-өзі басқару агенттігінің өкілдері Нұр - сұлтан қаласына міндетті сапарды қоса отырып, өз жоспарларына түзетулер енгізді», - деді ол.

Агенттік басшысы Агенттік қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша БҰҰДБ-мен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

«Агенттік пен БҰҰДБ мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктерін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта Агенттік мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге жұмылдырылған. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруды және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талаптарды күшейтуді көздейтін бағдарламалық құжатты әзірлеу қажеттілігін а.ж. 15 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын.

Бірқатар елдерде мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылында жасанды интеллект енгізілуде. Бұл қызмет алушылардың қажеттіліктерін жоспарлауға және «болжауға» мүмкіндік береді. Қазақстандық мемлекеттік қызмет де өзінің негізгі постулаттарында өзгеріссіз қалмауы тиіс.

Біз ынтымақтастыққа қуаныштымыз және осы мәселеде озық халықаралық тәжірибе біздің еліміз үшін өте маңызды», - деп атап өтті А. Жаилғанова.

Өз кезегінде Якуп Бериш мырза Қазақстанның мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі бастамаларын қолдауға дайын екендігін білдірді.

«Маған Агенттік пен Қазақстандағы БҰҰДБ арасындағы әріптестік қарым-қатынас үлгісі ұнайды.

Ұзақ мерзімді перспективаға қарайтын болсақ, әлемде мемлекеттік басқару саласында көптеген сын-қатерлер болады. Біз тығыз ынтымақтастыққа әзірміз, оның ішінде бизнес-процестерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметшілердің этикалық стандарттарын арттыру жөніндегі институттарды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау, азаматтық қоғамды аталған процеске тарту мәселелері. Сондай-ақ біз шетелде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландырудың қазақстандық тәжірибесін таратуымыз керек», - деп өз сөзін қорытындылады.

 

 

 

 

 

 


МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА