10
09/19
Анар Жаилганова встретилась с гендиректором Агентства по экономическому и региональному развитию Швеции
Анар Жаилғанова Швецияның экономикалық және өңірлік даму агенттігінің бас директорымен кездесті

Бүгін Стокгольмде БҰҰДБ қолдауымен МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Швецияның экономикалық және өңірлік даму жөніндегі агенттігінің бас директоры Гуннила Нордлеф ханыммен кездесті.

Экономикалық және өңірлік даму жөніндегі агенттігінің электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы саясатты іске асыру жөніндегі негізгі мемлекеттік орган болып табылады.

Кездесу барысында швециялық тарапынан электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласын дамытудың негізгі тәсілдері, ішкі бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстар таныстырылды.

Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы швециялық әріптестерін Қазақстанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған сандық шешімдерді белсенді қолдануын таныстырды.

Қазақстандық делегацияны мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылындағы жасанды интеллектінің дамуы айтарлықтай қызығушылық тудырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде бизнес - процестерді цифрландыру және автоматтандыру саласында өзара ынтымақтастық туралы келісті.

 


МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА