11
11/19
Ақмола облысында жыл басынан бері 3,8 миллионға жуық мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетілген

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов хабарлады. Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың қызметін талдау нәтижесі облыста 2019 жылдың 9 айы ішінде 4 565 338 қызмет көрсетілгенін көрсетіп, оның ішінде электрондық форматта – 3 791 299 – 83,1%, қағаз түрінде – 393 169-8, 6%, мемлекеттік корпорация арқылы – 380 870-8, 3%.

Сонымен қатар электрондық үкімет порталын белсенді пайдаланатын тұлғалар үлесінің артуы байқалып отыр. Бұған дәлел - берілген электрондық-цифрлық қолтаңбалар саны өскен. Есептік кезеңде облыс тұрғындарына 266 155 ЭЦҚ берілді.

Департамент облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп жыл басынан бері 58 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізген. Олардың барысында шалғай елді мекендердің тұрғындары қажетті салаларда мемлекеттік қызметтерді алу туралы кеңес алып, қызметтерді алуға өтінім береген.

Спикер бақылау шараларының нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісті. «Есептік кезеңде Департаментпен 59 тексеріс өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 55 фактісі анықталып, жалпы сомасы 185 375 теңгеге 6 әкімшілік іс құрылды. Тәртіптік жауапкершілікке 33 лауазымды тұлға тартылды» - дейді Әділбек Мұхамеджанов.

Брифинг соңында спикер Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыра отырып, олардың сапасын жақсарту жұмысын одан әрі жалғастыратынын айтты.

 


МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА