Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары

Дәуешов Марат Еркінұлы
Дәуешов Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары М.Е. Дәуешев  А.Н.Туполев атындағы Қазан мемлекеттік техникалық университетін, 2003 жылы -  Орталық Азия университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

  • 1993-1997 жылдары Мәскеу қаласында «ВЛАД» ЖШҚ бас директорының орынбасары;
  • 1997-1998 жылдары Ақмола облысы әкімінің Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі департаментінің бас маманы;
  • 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлармен жұмыс жөніндегі департаментінің бас маманы;
  • 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Президент Кеңсесінің сектор меңгерушісі, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының Кадр саясаты бөлімінде консультант, бас сарапшы, бас инспектор, Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі;
  • 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы;
  • 2012-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылғы 2 шілдеден бастап Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

 «Құрмет» орденімен (2013), «Парасат» орденімен (2018), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2003), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен (2008) және «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен (2014) марапатталған.

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА