Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары

Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы
Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы

1976 жылы туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. Философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтында, академиясында оқытушысы, Ішкі істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ҚР ІІМ академиясы Кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, Парламенті Сенаты Аппараты Әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.

2019 жылғы 20 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасынің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

«Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА