Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы

Жаилғанова Анар Нұралықызы
Жаилғанова Анар Нұралықызы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы А.Н. Жаилғанова «Құқықтану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген.

Сондай-ақ «Салық және салық салу» мамандығы бойынша Банк ісі жоғары мектебінің түлегі болып табылады. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының аспирантурасын бітірді, заң ғылымдарының кандидаты.

  • 1991 жыл – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері;
  • 1994-1997 жылдар – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтар ісі бойынша аға консультанты;
  • 1997-1999 жылдар - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы;
  • 1999 жыл – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот қызметін ұйымдастыру департаментінің Талдау, сот жүйесін жетілдіру басқармасының бастығының орынбасары, бастығы;
  • 1999-2000 жылдар – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас сарапшысы;
  • 2000-2004 жылдар – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасының кеңесшісі;
  • 2004-2008 жылдар - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы;
  • 2008-2016 жылдар – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшесі;
  • 2016-2019 жылдар – «Нұр Отан» партиясынан IV сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;

2019 жылғы 14 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

 

«Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі бар.

Мемлекеттік органдарда үлгілі қызмет атқарғаны үшін «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). Сондай-ақ марапаттар арасында: «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» (2014) медалі және Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісі (2017).

 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА