Қорытындылар, сараптамалық бағалар, ұсынымдар

Korn Ferry Hay Group (KFHG) компаниясы БҰҰДБ мен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласы бойынша өңірлік хабтың қолдауымен 2016 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (МҚІСҚА) Ұлт жоспарының
5 және 6 қадамдарын іске асыру шеңберінде еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ынтымақтасып келеді.

Сондай-ақ, жобаны әзірлеу барысында Агенттіктің қызметіне функционалдық талдау бойынша жұмыс жүргізіліп, оның нәтижесі жалпы  МҚІСҚА-ның орталық аппараты деңгейінде де, аумақтық департаменттерінде де міндеттер тиімді бөлінгендігін көрсетті.

KFHG Агенттіктің жоғары деңгейдегі кәсібилілігі мен мемлекеттік қызметті жаңғыртуға деген мақсаттылығын атап өтеді. Ынтымақтастық барысында Агенттік тарапынан жүйелік жұмыс пен әртүрлі бастамаларды ортақ басқару алаңында біріктіру бойынша оң динамика байқалады.

KFHG компаниясының атынан Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы кеңселерінің басшылығы Агенттіктің жүйелі және кәсіби қызметін, үздік тәжірибелерді зерттеуді және Қазақстан Республикасының институционалдық және мәдени тұрғысын ескере отырып, тәжірибелік шешімдерді түпкілікті пысықтауды жоғары бағалайды. Біз әрі қарай жүргізілетін жүйелі жұмыс пен басқа елдердегі салалық ведомстволармен, сондай-ақ кәсіби және академиялық қоғаммен ара-қатынас Агенттікке ең тиімді шешімдерді қалыптастыруға және жалпы мемлекеттік қызметті жетілдіруге қолайлы жағдай жасап, Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттырына қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз.

There is currently no content classified with this term.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА