Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Құрметті азаматтар!

 

Агенттікте халықпен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру аясында Қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады.

Сіздерге мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетіледі.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі Агенттіктің құзыреті шеңберінде туындаған сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Қоғамдық қабылдау бөлмесі:

- мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау және түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мәселелері бойынша кеңес береді;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және оларды одан әрі мәні бойынша қарауды қамтамасыз етеді.

Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 33 мекенжайында орналасқан.

Анықтама телефоны 8 (7172) 75-34-12

Жұмыс тәртібі: Қоғамдық қабылдау бөлмесі күн сайын жұмыс күндері жұмыс істейді.

Жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін)

 

Фото: 
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА