Агенттік Төрағасы Анар Жаилғанова азаматтардың сұрақтарына жауап береді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың қатысуымен а.ж. 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін интернет-конференция өтеді.

Агенттік Төрағасы мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, персоналды мотивациялау және дамыту, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауға қатысты, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақ қою үшін qyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.

Интернет-конференцияға тікелей сілтеме: dialog.egov.kz

 

 

Фото: 
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ
ЗАҢНАМАЛАР
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР

АЗАМАТТАРҒА