2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет кадрлар жай-күйінің мониторингі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет

кадрлары жай-күйінің мониторингі

(2019 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша)

 

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 98 726 бірлікті құрады.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің штат саны – 453 бірлік, әкімшілік – 98 273 бірлік, оның ішінде «А» корпусы – 285 бірлік, «Б» корпусы – 97 988 бірлік.

Мемлекеттік қызметшілердің штат саны:

Орталық мемлекеттік органдарда52 363 бірлік, оның ішінде: орталық аппараттарда – 10 487 бірлік (саяси – 337, «А» корпусы – 63, «Б» корпусы – 10 087); аумақтық бөлімшелерде «Б» корпусы – 41 876 бірлік.

Жергілікті атқарушы органдарда – 46 363 бірлік (саяси – 116, «А» корпусы – 222, «Б» корпусы – 46 025), оның ішінде мәслихат аппаратарында – 1 116 және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында 654 бірлік.

Жалпы ел бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 90 932 адамды немесе штат санының 92,1 % құрады.

Оның ішінде:

мемлекеттік саяси қызметшілер – 443 немесе олардың штат санының 97,8 %;

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің – 271 немесе 95,1 %;

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің – 90 218 немесе 92,1 %.

Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны:

Орталық мемлекеттік органдарда 47 852 адамды құрады, олардың ішінде: орталық аппараттарда – 9 577 адам (саяси – 328, «А» корпусы  – 55, «Б» корпусы – 9 194); аумақтық бөлімшелерде «Б» корпусы – 38 275 адам.

Жергілікті атқарушы органдарда – 43 080 адам (саяси – 115, «А» корпусы – 216, «Б» корпусы – 42 749), оның ішінде мәслихат аппаратарында 1 068 адам және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында 601 адам.

Әйелдер саны – 50 331 немесе мемлекеттік қызметшілерінің нақты санының 55,4 %, оның ішінде басшылық лауазымдарда – 39,8 % (24 433-тен 9 727).

Мемлекеттік саяси қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі – 11,7 %, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің – 3,3 %, «Б» корпусы – 55,7 %.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы38,7 жыл, бұл ретте мемлекеттік саяси қызметшілердің орташа жасы – 47,8 жыл, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «А» корпусы – 47,3 жыл, «Б» корпусы –  38,7 жыл.

Мемлекеттік қызметшілердің жас құрамы бойынша саны: 23 жасқа дейін – 1 178 адам (1,3 %), 23-тен 30 жасқа дейін – 21 220 (23,3 %), 30-дан 40 жасқа дейін – 30 250 (33,3 %), 40-тан 50 жасқа дейін – 19 569 (21,5 %), 50 жас және одан жоғары – 18 715 адам (20,6 %).

Мемлекеттік қызметте орташа өтілі10 жыл, бұл ретте мемлекеттік саяси қызметшілердің орташа өтілі – 17,5 жыл, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа өтілі – 16,7 жыл, «Б» корпусы - 10 жыл.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі бөлінісінде қызмешілердің саны:

1 жылға дейін - 9 547 (10,5 %);

1-ден 2 жылға дейін – 7 624 (8,4 %);

2-ден 3 жылға дейін – 6 194 (6,8 %);

3-тен 5 жылға дейін – 10 335 (11,4 %);

5-тен 7 жылға дейін – 7 415 (8,2 %);

7-ден 9 жылға дейін – 6 230 (6,8 %);

9-дан 11 жылға дейін – 6 954 (7,6 %);

11-ден 14 жылға дейін – 9 736 (10,7 %);

14-тен 17 жылға дейін – 8 620 (9,5 %);

17-ден 20 жылға дейін – 6 195 (6,8 %);

20 жылдан жоғары – 12 082 (13,3 %).

Атқаратын лауазымда орташа өтілі3,8 жыл, мемлекеттік саяси қызметшілерде – 2,8 жыл, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінде – 2 жыл, «Б» корпусы қызметшілерінде – 3,8 жыл.

Атқаратын лауазымда орташа өтілі бойынша қызметшілердің саны:

1 жылдан кем – 25 682 (28,2 %);

1-ден 2 жылға дейін – 17 199 (18,9 %);

2-ден 4 жылға дейін – 18 119 (19,9 %);

4-тен 6 жылға дейін – 13 501 (14,9 %);

6-дан 8 жылға дейін – 5 141 (5,7 %);

8-ден 10 жылға дейін – 3 506 (3,9 %);

10-нан 12 жылға дейін – 2 469 (2,7 %);

12-ден 15 жылға дейін – 2 749 (3 %);

15 жыл және одан жоғары – 2 566 (2,8 %).

Мемлекеттік қызметтің сапалық құрамы мынадай параметрлермен сипатталады. Мемлекеттік қызметшілер жалпы санынан 91,7% немесе 83 421 адамда жоғары білімі бар.

Орта және орта кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 8,3 % немесе 7 511 адам.

Мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі экономика және бизнес (31 576 немесе жоғары білімі бар  мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 37,9 %), құқық (20 734 немесе 24,9 %), техникалық ғылымдар және технологиялар (7 961 немесе 9,5 %) және білім (6 085 немесе 7,3%) саласында білімі бар.

Сонымен қатар, 18 343 (20,2 %) мемлекеттік қызметшіде бірден артық жоғары, 4 046-да (4,4 %) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар. 530 мемлекеттік қызметшіде ғылыми дәрежесі бар немесе жалпы санынан 0,6 %, оның ішінде 93 ғылым докторы және 437 ғылым кандидаты.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 760 түлегі және «Болашақ» бағдарламасының 570 түлегі жұмыс істейді.

 

SYMBOLS OF STATE
100 CONCRETE STEPS
HEAD OF STATE'S MESSAGES TO NATION
LEGISLATION
QWESTIONS - ANSWERS
FOR CITIZENS