31
12/19
Почет и уважение к старшим
Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер жаңа жылдық мерекені қариялармен қарсы алды

«Қариясы бар елдің қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Сондықтан үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетудің маңызы аса зор деп білеміз. Жаңа жыл мерекесін ойын-сауық ордаларында немесе мейрамханаларда емес, қазыналы қарттар үйінде өткізген мемлекеттік қызметшілер қарияларды үлкен қуанышқа бөледі.

Күні кеше, 30 желтоқсан күні №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындаҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіұжымының, өлкемізге белгілі өнерпаздардыңқатысуымен қариялар мен ақ жаулықты аналарға Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл күй сыйлаған әдемі кеш ұйымдастырылды.

Аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Нұргүл Жанназарова өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан аға буын қарияларға деген ыстық ілтипатын білдіруді өздерінің қасиетті парызы санайтындығын және осындай кездесу іс-шаралары арқылы жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерін дарытуды міндет деп есептейтіндігін жеткізіп, ұжым атынан үстел ойындары мен түрлі кітаптар, жеміс-жидектерді тарту етті.

Көңілді кешті жүргізген өңірімізге белгілі асаба әрі шоу-мен Рустем Таңатаров пен отбасылық «Арна» ансамблі және «Падишах» би тобы өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Балаша қуанған қарияларойын ойнап, кеңестік дәуір фильмдерінен попурри, әуезді ән мен ырғақты биді тамашалап,ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, игі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, облыстық қарттар үйіне Департамент ұжымы 2017 жылдың 1 қазанынан бастап, мерекелік атаулы күндерде  құттықтап, түрлі концерттер мен театрлық көріністерге шақырып тұрады.

 

 

 

 

 

 

 


SYMBOLS OF STATE
100 CONCRETE STEPS
HEAD OF STATE'S MESSAGES TO NATION
LEGISLATION
QWESTIONS - ANSWERS
FOR CITIZENS