30
11/19
 В преддверии Дня Первого Президента Республики Казахстан, провели конкурс на лучшее стихотворение
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ең үздік өлең байқауы өткізілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өтті.

​Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері қатысты.

​Агенттіктің төрағасы Анар Жаилғанова жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі.

​Өз сөзінде ол еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.

«Тұңғыш Президентіміздің басшылығымен еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді. Әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды.

Бүгінгі күні Қазақстан саяси және экономикалық тұрақтылықтың жарқын үлгісі болып табылады, ал Тұңғыш Президент – Елбасы беделді пікір алмасуда бүкіл әлем тыңдайтын дүниежүзілік саясаткерлер қатарына еңді.

Елбасы болашақ ұрпақты жасампаз және өнімді еңбекке ынталандыра отырып, қазақстандық дамудың ұзақ жылдарға арналған нақты бағыттарын белгілеп берді.

Өз кезегінде, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасының елімізді жан-жақты дамыту бойынша стратегиялық бағытын жалғастыруда. 

Сонымен қатар, Елбасының барлық бастамаларын іске асырудағы сенімді сүйеніші – кәсіби хал-жағдайын Агенттік қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат болып табылады.

Біз Қазақстанның мемлекеттілігін дамыту мен нығайту жолындағы жасампаз үрдістерге белсене қатысатынымызды мақтан тұтамыз», - деді А.Жаилғанова.

Іс-шара барысында Тұңғыш Президент күніне арналған ең үздік өлең байқауының қорытындысы шығарылды.

Конкурс Агенттік қызметкерлері арасында өткізілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Агенттіктің жұмыс тобы төрт қатысушыны анықтады, олардың өлеңдері үздік деп танылды.

Байқаудың бас жүлдесін Агенттіктің Стратегиялық әзірлеу және халықаралық бағдарламалар департаментінің бас консультанты Гүлнұр Жарасбаева иеленді.

 Айта кету керек, бұл Гүлнұрдың алғашқы өлеңі емес, бұрын ол өлеңдерді шығару бойынша өзге де конкурстарға белсене қатысып, жүлдегер атанған.

Бірінші орынды Заң департаментінің бас консультанты Майра Мұздыбекова, екінші орынды Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің сарапшысы Абылайхан Наурызбаев, үшінші орынды Мемлекеттік қызмет департаментінің бас сарапшысы Арман Абданбеков иеленді.

 

Гүлнұр Жарасбаеваның өлеңі: 

 

ТӘУЕЛСІЗДІК

 

Көңілім қуаныштан желпінеді,

Тиым салмас ешкім де еркіме енді.

Өзімнің, өз елімнің иесімін,

Осы ғой мәңгілікке ел тілегі.

Шуақ шашып қарашы атты Күнім,

Тәуелсіздік, тәтті сөз, тәтті ұғым.

Көк аспандай байрағым желбірейді,

Куәсі боп күн сайын шаттығымның.

​Әнұраным аспанда шарықтаған,

Қыран құсым көгімде қалықтаған.

Қазақ деген халықпыз әлем білер,

Ән салудан ешқашан жалықпаған.

Ақордада көтеріп бастамасын,

Ізгілікке үндеген жас баласын.

Елбасы ел бірлігін паш етті де,

Бар әлемге танытты Астанасын.

​Әлем білер ғажайып қала барын,

Көңіліндей қазақтың дала барын.

Сол далада мәңгілік ізі қалған,

Халқына қорған болған бабалардың.

Өр үнімен тұрғандай жаңғырып Жер,

Әлемде қазақ деген сән құрыпты ер.

Бар арманы болатын бабалардың,

Тарихта көшті бастар мәңгілік ел.

Елбасы нұрлы жолың, жарық дәйім,

Адымдайық тек алға алыптайын.

Тәуелсіздік әніміз, жырымыз да,

Мерекем мәңгі тойлар халық дәйім.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


SYMBOLS OF STATE
100 CONCRETE STEPS
HEAD OF STATE'S MESSAGES TO NATION
LEGISLATION
QWESTIONS - ANSWERS
FOR CITIZENS